Жақында жиенім маған қоңырау шалып, жылағысы келіп, өз наразылығын білдірді:
– Сауда орталығының тұрағынан шығар кезде көрші машинаны абайсызда тиіп кеттім. Машинада шағын сызат қалды. Мен сіз үйреткендей, ешқайда қашпай, машина иесін тосуды шештім. 20 минуттай күттім. Содан соң, иесі келді. Бұл ер адам машинасын көре салып, маған ұрыса бастады. Қалай ғана мені атамады. Менің оған дайындап қойған ақшамды тартып алды да, машинаның есігін тарс етіп жауып, кетіп қалды. Мен өзімді жаман сезіндім. Мен оған емес, ол маған жүрегіме сызат қалдырғандай болды. Ал менің жай ғана кетіп қалуым болушы еді.
Мен оған былай жауап бердім:
– Көңіліңе алма. Өмірде не болмайды десеңші. Одан да сенің ар-ұжданың сызатсыз таза екенін ұмытпа.
COMMENTS