Все статьи с тегом "#қоғам"

Ырым

Өз басым ешқандай ырымдарға сенбеймін.

Түсінсем бұйырмасын, иығымнан ары қарай түкірілген түкіріктің үш граммы келесі бұрышта менің басыма құлауы тиісті кірпіштің траекториясын қалай өзгерте алады.

Олардың арасында қандай байланыс бар?!

Әлде бос шелектермен келе жатқан әже маған қандай бәле әкелуі мүмкін, егер де мен ол әженің немересі болмасам және менің міндетім құдықтан су алып келу болмаса?

Жалпы, менің ойымша, ырым …

Read more
Comments: 0

Жаза

  • 6 Қараша 2013 - 01:14
  • Санатталмаған

Жұмыста жазаға тартқанда кейбіреулер басшылықты, әріптестерін, бағыныштыларды кінәлайды.

Мен болсам, барлық бәлелерінде адам өзі кінәлі деп есептеймін.

Егер өте оңды қызметкер болып тұрса, оны жазалаудың мәні қандай?

Егер ынталансаң, жан аямай жұмыс істесең, ал басшылық бағаламаса, өзің кінәлісің. Өзіңнің жұмысыңды көрсете білу қажет.

Егер қастықтың құрбаны болып кетсең, тағы да өзің кінәлісің.  Өмір сүргің келсе – үйіріле біл.

Егер бағыныштылар …

Read more
Comments: 0

Үнсіз мейірімділік

Біздің айналамызда қанша өте жақсы, мейірімді, адал ниетті адамдар бар!

Бірақ біз бұл түралы ешқашан біле алмаймыз, өйткені олар үндемейді және өздері туралы білдірмейді. 

Олардың балаларының қасында біреулер балағат сөздер айтқанда да үндемейді, 

олардың қасында біреулер әлсіздерге жәбір көрсеткенде де үндемейді, 

олардың көзінше әділетсіздік пен қылмыс жасалғанда да үндемейді. 

Олар үндемейді.

Дегенмен ниеттері мейірімді және инабатты болса керек. Шынында олар …

Read more
Comments: 0

Ішкі және сыртқы даму

      Жақында бір әріптесіммен әңгіме құрып, шын ықыласпен жақынырақ сөйлестік Ол менен едәуір  жас және енді ғана өзінің мансабын бастап жатыр.

      – Сенің жасың қазір нешеде? Осы жасқа дейін қандай жетістіктерге жеттің? Бұл сенің өмірлік жоспарларына сәйкес келе ме? – жасым үлкен болған соң әңгіменің ғибратты екпінмен бастадым.

      – Менде бәрі ойдағыдай …

Read more
Comments: 0

Жайдары мұсылман әйел

     Бір мұсылман әйелін танимын. Жайдары, жайнақы әйел, күлкішіл, күлдіргі оқиғаларды тамашы әңгімелеуші, әдемі киінеді. Сонымен қатар Қоранның барлық парыздарын сақтайды, жұма күндері мешітке барады, бірнеше рет қажылыққа барып келген.    

     Бірде менің түсінігімдегі мұсылман әйелінің кейіпіне лайық келмейтіні туралы айтуға батылдығым жетті.   

     Ол жауап қайтарды: «Ал мұсылмандар түнерген, бірбеткей, күні-түні ислам туралы …

Read more
Comments: 0

Аралас неке

           Мен аралас некені қолдаймын.

          Біріншіден, дарвинист ретінде. Ата – аналарының ДНҚ неғұрлым жақсырақ болса, соғұрлым ұрпақ физикалық және интеллектуалды күштірек болады.

         Екіншіден,  саяси тұрғыдан. Аралас неке ұлтаралық қатынасты нығайта түседі. Сонымен бірге мен ұлттық дәстүрлер мен өзін-өзі тануға еш қарсылығым жоқ.

        Үшіншіден, …

Read more
Comments: 0

Білім мен тәрбие

Кейінгі кезде ауқатты қазақстандықтардың көбі өздерінің балаларын балдырғандық жастарынан бастап шетелге білім алуға жібертін болған. Әңгіме тіпті ЖОО-да білім алуда емес, орта білім туралы болып тұр.  15-16 жасар ұлдар мен қыздар кетіп қалады. Балалар шетел тілін жақсырақ игергендері үшін және ЖОО-на түсуге дайындалғандары үшін жасалады.

Бірақ менде сұрақ туындайды: шынымен білім тәрбиеден маңызды ма? Осындай жаста балалар психологиялық қалыптаспаған. Олар …

Read more
Comments: 0

Шахмат

          Шахмат – өте жақсы ойын. Сонымен қоса, ол оппозиттік ойлауды, яғни қарсыластың атынан ойлауды үйретеді. Жақсы шахматшы ешқашан жай әншейін жүрмейді. Ол өзі үшін және қарсыласы үшін көптеген жүрісті алдын-ала ойлап алады. Ол ойша өзін оппоненттің орнына қояды және өзінің жүрісіне жақсы жауап табуға тырысады. Содан кейін ойша өзінің орнына қайтып келеді және қарсыластың жүрісіне …

Read more
Comments: 0

Шенеуніктің жеке меншік компанияға көмегі

Егер шенеунік жеке меншік компанияларға заң шеңберінде және ақысыз көмек көрсетсе, бұл дұрыс. Егер де ол бір жеке алынған фирма үшін тиістіден тыс бірдеңе істесе, ақысыз болса да, ол дұрыс болмайды.

Мысалы, мен мемлекеттік қызметте болғанымда, таныстар маған жиі мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіп шығуға көмек көрсету туралы сұраулармен жүгінетін. Мен оны дәл сол сәтте қабыл алмайтынмын және тіпті осы …

Read more
Comments: 0

Өтініштер мен ұсыныстар

Ешқашан ешкімнен ештеңе сұрамаңыз – тек қана ұсыныңыз.

Адамдардың бәрі – өзімшіл және тек өздерінің пайдалары туралы ойлайды.  Бұл аксиома. Осы жағдайға шыну, келіспеу, адамдарды өзгертуге тырысу құр бекер. Тек есте сақтаңыз.

Мысалы, «Мені жұмысқа алыңызшы. Мен бір жыл бойы жұмыссыз отырмын. Ақшам бітіп қалды. Пәтер үшін төлей алмаймын» делік. Бұл сіздің жеке мәселеңіз, және де ықтимал жұмыс берушіңізге мүлдем …

Read more
Comments: 0