Все статьи с тегом "#қоғам"

Тұрақтылық сенімділіктің белгісі.

       Өз телефон нөмірлерін жасыратын немесе жиі ауыстыратын, аватарка қоймайтын, өзінің желіде болуын көрсетпейтін, хабарламаның оқылғаны туралы белгіні өшіретін адамдарды ұнатпаймын.

       Осындай әрекеттерде қандай-да бір жасырын іс, қулық, айлакерлік бар.

       Мен осындай адамдарға сенбеймін.

       Маған адал, ашық, турашыл адамдар ұнайды.

       Оларға сенім артуға болады.

       Олар өтірік айтпайды, алдамайды, сатып кетпейді.…

Read more
Comments: 0

Сүреңсіз емес ислам.

       Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.

       Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.

       Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.

       Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. …

Read more
Comments: 0

Объективтілік деген не?

Объективтілік деген не?

Объективтілік дегеніміз – жергілікті әйелдерге бірнеше келімсектер зорлық көрсетіп, айнадағыларды тонағанда, сол кезде бұл мемлекеттің көпшілік азаматтары келген адамдардың кетуін және басқалардың қабылдануына тыйым салуын талап еткенде, сен: «Жоқ! Барлық келімсектер бірдей емес. Олардың арасында жақсы адамдар бар. Нақты қылмыскерлер мен заң бұзушыларды жазалайық, бірақ біздің көмегімізді қажет ететін адамдарға жол жаппайық», – деп айтуың.

Объективтілік дегеніміз …

Read more
Comments: 0

Табысты балалар үйі.

     Менің бір танысым бар. Тұрмыс құрмаған әйел. Жетістікке жеткен, еңбекқор. Ірі компанияда жоғары лауазымға ие.

     Бірақ қазір отбасы құру жөнінде терең толғануда. Бір баланы асырап алмақшы.

     Игі іс ойластырып жатқан сияқты. Қоғам мен мемлекет бұндай талпыныстарды әрдайым қолдауы керек. Ата-ананың қамқорлығына ие болған бала – әрдайым бақытты тағдырға да ие болады деген сөз емес …

Read more
Comments: 0

Жақын-бөтен, дұрыс-бұрыс

       Мүмкін өмірде әрқайсыларыңыз келесі дилеммаға тап болғансыңдар: дау және жанжал кезінде кімнің жағына тұру – жақын адамыңыздың немесе әділ адамның жағына тұру (өйткені жақын адамыңыз үнемі әділ бола бермейді).

       Мысалы, сіздің ұлыңыз далада көрші ұл баланы ұрып кетті. Сол баланың әкесі шығып сіздің ұлыңыздың құлағын жұлды. Ал бұл сіздің ұлыңыз болғандықтан, оны жақтау керек …

Read more
Comments: 0

Пікірлес егізім.

       Көзқарастары ұқсас адамдар, бір бірінен аумайтын адамдардай сирек кездеседі деп жатады.

       Алайда, көзқарасы менімен толық сәйкес келетін адам бар деп үміттенемін.

       Менің ұстанымым мынадай:

       1. Мен либерал-демократпын.

       Қоғамдағы тұлға еркіндігін, сөз бастандығы мен халық билігін қолдаймын. Билікті сайлау арқылы таңдап, ауыстырып отыру керек деп санаймын. Экономикадағы нарықтық қатынастар мен таза бәсекелестікті қолдаймын.

       2. Мен атеистпін.

       Мен құдайға сенбеймін. Барша әлемнің …

Read more
Comments: 0

Ескі өлеңдердің маңыздылығы.

         – Марат аға неге сіз ескі өлеңдерді тыңдайсыз? Олардың несі жақсы?  Олардың мағынасын да түсінбеймін. 

         – Тыңдап көр інім. Егер түсінбесең түсіндіремін. 
          Міне, орыс өлеңін тыңдап көр: «Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, орға жығады» (Круговая порука мажет, как копоть). Міне сен жақында ғана мемлекеттік жұмысқа тұрдың. Əріптестеріңнің бірі өз қызметін асыра пайдаланып,өз басына қажеттіні жасайды …

Read more
Comments: 0

Дін қатысындағы рұқсат етілу шекарасы

          Біз атайтын зайырлы демократиялық мемлекеттің түсінігі бойынша дін мемлекеттен бөлінген, азаматтарда дінге сену бостандығы бар, барлық конфессиялар тең болады.

          Бұл іргелі қағидаттар.

          Алайда кәдімгі өмірде рұқсат етілген және рұқсат етілмегеннің шекарасын белгілеу өте қиын. Бұл шекара заңдарда жиі белгіленбейді және адамның сана-сезімінде болады, соған байланысты …

Read more
Comments: 0

Георгий ленталары ма, қазақстандық көк ленталар ма?

     Георгий ленталарының тарихы көпшілікке мәлім. Қасиетті Георгий ордені Түркиямен соғыста орыс әскерилерін марапаттау үшін 1769 жылы бекітілді. Кейін Кеңес Одағы бұл орденді жойғанмен, 2000 жылы Ресей қайта тағайындаған болатын.

     Гвардиялық лента фашистерге қарсы соғыста ерлік танытқан гвардиялық бөлімдерді, құрамалар мен кемелерді белгілеу үшін 1942 жылы тағайындалды. Гвардиялық лента георгий лентасына қатты ұқсады, тек сары жолақтардың орынына …

Read more
Comments: 0

Ауладағы балалардың пікірі

            Бала кезімде көп пәтерлі үйде тұрдым. Әр үйдің өз ауласы мен балалары болатын.

           Осындай бір аулада, ұмытпасам, Нұрлан деген бала тұрды. Нұрлан басқаларға қарағанда ірі әрі әлді болды да, ауланың атаманы атанды. Барлық балаллар Нұрланның қалаған ойынын ойнайтын. Егер біреу қарсы шығып жатса, Нұрлан оңдырмай сабайтын.

      …

Read more
Comments: 0