Все статьи с тегом "#қоғам"

Латынға көшу: қолдаушылардың және қарсылардың дәлелдері.

      Қазақстанның латынға көшуі қоғамда қызу пікірталасқа ұласты.

      Енді осы мәселені эмоцияға берілмей, барынша объективті талдап көрелік.

      Латынға көшуді қолдайтындар қандай дәлелдерін келтіреді?

      Бірінші – көптеген елдер латын қарпін қолданатындықтан, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысы нығайа түседі.

      Шынымен де, карта мен статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қытай, Үндістан, араб …

Read more
Comments: 0

Жұмысқа келген үміткерлермен қоштасу.

      Жақында бос қызмет орынға келген үміткерлердің іріктеуін жүргіздім.

      Келесі статистиканы байқадым. Жұмысқа қабылданбаған үміткерлердің тек 20 пайызы адекватты түрде қоштаса алды. Үміткерлердің байқаудан өтпегені және алдағы байқауларда оларға сәттілік тілегенім туралы жазған хатыма әр бесінші адам ғана сыпайы түрде жауап берді. Алдында қошеметтерді жаудырған және біздің компаниямызда жұмыс істеуге ыстық ықыласын білдірген үміткерлердің қалған …

Read more
Comments: 0

Вакансияға үміткерлердің әдептілігін сынау.

      Жақында жұмысқа орналасқысы келген үміткерлермен сұхбаттастым.

      Біздің іскерлік ортаға әбден сіңіп кеткен жағымсыз жағдаймен тағы да куі болдым.

      Көптеген үміткерлер бұрынғы жұмыс орындарын жамандаудан тартынбады.

      «Жұмыста ең үздік мен болғанмен, басқа адамды жоғарылатты».

      «Жалақымды өсірмей қойды. Ал бастықтар болса, пайдаға белшесінен батып жатты».

    …

Read more
Comments: 0

Әлпештеген балалар мен өкпелі балалар.

      Шетелде ең алдымен ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас айырмасы айқын көрінеді.

      Біздің отандастар (қандай республикалардан, білмеймін, бірақ орысша сөйлейді) адамдардың көзінше айғайлап, өз балаларын ұрып-соғатын болады. Басқа ешкімнен осындай көріністерді, тіпті кедей Африка елдерінің өкілдері қатысында да байқаған жоқпын.

      Еуропалық және американдық мәдениеті мүлдем басқа болып табылады (Оңтүстік-Шығыс Азия да оны …

Read more
Comments: 0

Табынудағы бәсекелестік

     Неге өктемшіл көшбасшының айналасы уақыт өте келе жағымпаздарға және жантық адамдарға айналады? Неге бұл үрдіс геометриялық прогрессияда дамып жатыр?

     Барлығы оп-оңай.

     Өктемшілік қоғамда мемлекет басшысы биліктің негізгі көзі болып саналады. Халық емес, ол болады. Ол келесі барлық игіліктерді бөледі: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардағы қаржылық ағымдар, мелекеттегі табиғи ресурстар. Сондықтан қоғамдағы жоғарғы жағдайға жетудің …

Read more
Comments: 0

Қазақ тілінде қол жетерлік әлем

Қазақ ұлты мәдени дамуының бүгінгі деңгейіне 18 ғасырдың ортасынан бастап орыс мәдениеті мен орыс тіліне араласуының арқасында жетті деген пікір бар. Қазақ зиялыларының барлық білімді өкілдері, техникалық мамандар, жоғары буындағы басшылар өз табыстарына орыс тілінде оқығандықтан ғана жетті, өйткені орыс тілі оларға орасан зор білім дүниесін танып білуге мүмкіндік берді деп саналады. Шынында, қазақ тіліндегі көркем, арнаулы, техникалық әдебиеттің көлемін …

Read more
Comments: 0

Егер адам Сізге қоңырау шалмаса

Егер біреу сізге қоңырау шалуға қолым тимеді деп айтса, онда бұл адамның шынымен де осыған уақыты болмағанын білдірмейді. Бұл жай ғана сіздің ол адам үшін аса маңызды орында тұрмағандығыңызды білдіреді. Егер адам шынымен де сізге телефон соққысы келсе, онда ол басқа адаммен сөйлесуден, теледидарды көруден, әлеуметтік желілерде отырудан, түскі асынан, кешкі асынан, ұйқысынан бас тартады және соңында міндетті түрде сізге …

Read more
Comments: 0

Сылтаулар және мүмкіндіктер

      Адамдар сылтаулар іздейтіндерге және мүмкіндіктер іздейтіндерге бөлінеді.

      Біріншілер ЖОО-ға түспейді, өйткені оқытушыларды сыбайласқан деп ойлайды және білім емес, пара беру қажет деп санайды. Екіншілер сабақты жаттап оқиды, экзамендерді өз күшімен тапсырады, егер де бірінші реттен түспесе, қайтадан тапсыра береді, өзінің дұрыстығын дәлелдейді және оқуға түседі.

      Біріншілер жұмыс таба алмай жүреді, өйткені …

Read more
Comments: 0

Мектеп директорларының бизнесі

Жақын бір елде блогерге орта білім саласында біраз жыл еңбек еткен ескі жолдасы жолығыпты. Мектептегі оқушының қазасы жайлы блогердің жазбасын оқыған екен. Жолдасы терең күрсініп алып, әңгімесін бастады:

– Мәселе директорлардың мектептегі оқыс оқиғалар жайлы жасыратындығында емес. Тереңірек қазу керек, балық басынан шіриді демекші, директорлардың өзі бар бәленің басы болып тұр. Олар бұл қызметке қалай қол жеткізетінін білесің бе? Айтпаса …

Read more
Comments: 0

Көз тию.

     Мағынасыз ырымшылдық туралы.

     Барлығы біздің қазағымыздың «көз тиеді» деген наным-сенімін біледі.

     Қазіргі білімді адамдар әлі күнге дейін осы бос сөзге сенеді: 40 күнге дейін жаңа туған сәбилерін бөтен көзден жасырып, маңдайларына күйе жағып, киімдеріне түйреуіш тағып, сүйкімді бүлдіршіндерге өзінің тура мағынасында айтқанда – түкіріп, тіпті, бұл мағынасыздықтың заманауи түрі – әлеуметтік желілерде баланың суреттерін …

Read more
Comments: 0