Все статьи с тегом "#батыс"

Еуропалық мейрамханалардағы қазақ интернет-тірі өліктері

     Бір қызық егжей-тегжейді байқап қалдым: Италияда, мейрамхананың немесе дәмханасының үстел басына отырып, біз, әдеттегідей, өзіміздің телефонымыздан бас көтермей, бір-бірімізбен емес, виртуалдық достарымызбен тілдесе бастаймыз. Біз қазір Интернет пен смартфондарға тым әуестенген тірі өліктер сияқтымыз. Кездейсоқ жан-жағыма қарап қалсам, біздерден, қазақтардан және кейбір кәрістерден, басқа ешкім үстел басында смартфонды шұқылап отырмағанын кенте байқадым. Бәрі тамақтанып, бір-бірімен әңгімелесіп, тілдесіп отыр. …

Read more
Comments: 0

Итальяндық жолсеріктері

Жақында мен итальяндық поезбен серуендеп жүріп өттім.

Билетті интернет арқылы сатып алғанымнан бастаймын. Иә, бірақ бұнымен бізді,  қазақтарды, таңғалдыра алмайсың ғой. Біздің ҚТЖ-да оны өзінің сайты арқылы баяғыдан сатып жүр. 

Әңгіменің мәні вагонның кіре берісінде ешкімді кездестірмегенде болып тұр ғой. Сізді басыңнан аяғыңа дейін қарап шығатын және құжатыңызды мұқият тексеретін жолсерігі болмады. Пойыздың кез келген вагонына кіріп, одан кейін өзініңдікіне …

Read more
Comments: 0

Батыс нені қалайды?

Интернетте мынадай айтылған пікірлерді жиі естіп жүремін: «Батыс – біздің  жауымыз. Америка мен Еуропа біздің жұтағанымызды қалайды. Оларға бізді тонау оңай болу үшін еліміздің әлсізденуі қолайлы».

Ал, мәселенің басын ашайық. Шынымен Батыс нені қалайды?

Ең бастысы, әр ел өз үшін игілік қалайды және өзінің пайдасын іздейді. Мұнда таңғаларлық және жаман ештеңе де жоқ. Бұл дұрыс қой. Керісінше, бір мемлекеттен альтруизм …

Read more
Comments: 0

Американдықша шақыру

Біз достарымызбен жастау болған кездеррмізде бір-бірлерімізді отбасыларымызбен бірге жиі мейрамханаға шақырып тұрғандарымыз есімде. Бірлесіп тамақ ішу жақындатады, сырластық әңгімелерге тартады.

Бірақ әр жолы отырыстардан кейін бізде «Мен төлеймін!» деген қазақ ұлттық ойыны басталатын. Біз тұс-тұстан шотты бірінші даяшыдан, одан кейін бір-бірімізден жұлып алатынбыз және де кең пейілді түрде ол бойынша төлейтінбіз. Шотты жұлып алып, ол бойынша барлығы үшін ақша төлейтін …

Read more
Comments: 0

Америка және демократия

Мен бізге, қазақстандықтарға, американдық және еуропалық тұрмыс салтын жиі мысал ретінде келтіремін. Онда тәртіп, ықпалды заңдар қаншалықты жоғары екені, демократия ұстамдырақ екені туралы айтамын.

Кейбір оқырмандар бұны нақты АҚШ елі немесе еуропалық елдердің біреулеріне жағымпаздық деп түсінеді.   

Олай емес екенін сендіргім келеді.

Ол елдерге мен кейбір сұрақтарда ұнамды мысалдар ретінде ғана сүйенемін. Еш уақытта мен оларды дәріптемеймін. Онда да …

Read more
Comments: 0

Батыс насихаты

Өте жиі батыс насихаты деген туралы естимін. Батыс біздің дәстүрлі қағидаларымызды бұзады, біздің тұрмыс салтымызды ойрандағысы келеді дейді.

Ал кей кезде өзімді сондай  «бұзушы» ретінде сезінемін. 

Бізге жақын орналасқан республикада менің бір танысым бар. Бұл еңбекқор, шыдамды халық тұратын айтуға тұрарлық ел. Бірақ, менің ойымша, олардың өктемшіл, тіпті полицейлік деп айтарлық режим құрған, ел билеушілерімен жолы болмады. Мен өзімнің танысыма …

Read more
Comments: 0

Алуан түрлі Америка

       1990-жылдары Америкаға алғаш келгенімде бір оқиға есімде қалып қойды.

        Досыммен тыныш көшемен қаланы аралап келе жатыр едік. Бір кезде қасымыздан рэпті бақыртып қойған көлік зу ете қалды. Көлікте жалаң аяқтарын терезелерден сыртқа шығарып, сыраны сорып отырған афроамерикандықтар отыр екен. Бізге ала көздеріменен қарап қояды. Досым оларға қарамауымды сұрады, тіпті теріс қараған дұрыс деп …

Read more
Comments: 0

Полиция мен журналисттер

Шеруді қуып таратуда және жаппай тәртіпсіздікті болдырмауда еуропалық елдердегі полицейлер журналисттерге тиіспейтініне назар аудардым.   

Менің ойымша, дәл осылай болу қажет. 

Полиция өзінің жұмысын адал және кәсіпқой орындаса, оған камералардан, яғни жұртшылықтан жасыратын ештеңе жоқ.  Егер полицейлік тас лақтырып, автокөліктердің және көрмелердің әйнектерін шаққан бұзақының қолдарын қайырса, ол дұрыс істейді. Ол өзінің міндетін орындайды – бізді осы бұзақылардан қорғайды және …

Read more
Comments: 0