Все статьи с тегом "#бостандық"

Букмекерлік кеңселерге қарсы.

Менің бір досым қазір Қазақстанда гүлденген букмекерлік кеңселер туралы айтуды өтінді. Оның өзі тотализаторлармен белсенді күресуде, себебі ол оларды абсолютті зұлымдық деп санайды. Сонымен қатар, оның өз басы зардап шекті: ұлы лудоманиямен ауырады және отбасылық бюджеттен қомақты ақша жұмсап, отбасын іс жүзінде қиратты.

Мен шынымен досыммен келісемін және букмекерлік кеңселер қоғам ағзасындағы паразиттер деп санаймын. Олар елге ешқандай пайда әкелмейді, …

Read more
Comments: 0

Ұсақ-түйектердегі рухани кемелдік.

Рухани кемелдік туралы көп оқыған сайын, бұл идеялар әбден санаңа сіңіп, біртіндеп рухани өсу басталады.

Кейде бұл рухани өсу күнделікті тіршілікке қатысты ұсақ-түйектерге онша әсер ете бермейді.

Бүгін сауда орталығының тұрағындағы көлігіме қайтып келсем, жақын тұрған көліктің иесі есігімен менің темір тұлпарымның жанын сызып кетіпті.

Бұлқан-талқан ашуланып, бірден оның көлігін де сызып тастасам деген ой келді. Әйтеуір кегімді қайтаруды қаладым.…

Read more
Comments: 0

Тарихтың өмірлік сабағы.

     Қазақстанда 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін мен 30-і жылдардағы аштық құрбандарын еске алу күні.

     Жазықсыз қаза тапқан және зардап шеккен біздің отандастарымның алдында басымды иемін.

     Осы күн біздің тарихымызға мүлдем басқаша көзқараспен қарау үшін өте маңызды.  

     Сол оқиғалардың негізгі тағлымы деп қоғамға деген тоталитаризмнің зиянды ықпалы деп санаймын.

     Жаппай «мақұлдаймыз-ау» мен …

Read more
Comments: 0

Өзіне иелік ету еркіндігі.

       Қазақстандық заң бойынша тірі адамға өз ағзаларын ақшаға сатуға тыйым салынған және бұл заңмен жазаланады. Сондай-ақ, тірі адамнан ағзаларды сатып алу тыйым салынған. 
       Менің ойымша, осындай тыйым еркін қоғамның негізін құрайтын қағидаға – тұлғаның өз денесіне жəне өз өміріне өз еркімен иелік ету құқығына қайшы келеді. 
       Біздің Конституциямызда біз мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның құқықтары жəне еркіндігі …

Read more
Comments: 0

Жұмысыңызға деген махаббатыңызды анықтау тесті.

       Сүйікті ісіңізбен айналысып жүрсіз бе әлде жоқ па деген сауалға жауап тапқыңыз келсе, келесі жағдайды елестетіп көріңіз. Сізге жалақыңызды төлеп, бірақ жұмысқа шықпауыңызға рұқсат берді делік.

       Осындай шарт қойылса, жұмысқа шығар ма едіңіз?

       Иә десеңіз, құттықтаймын! Сіз сүйікті ісіңізбен айналысасыз.…

Read more
Comments: 0

Ескі өлеңдердің маңыздылығы.

         – Марат аға неге сіз ескі өлеңдерді тыңдайсыз? Олардың несі жақсы?  Олардың мағынасын да түсінбеймін. 

         – Тыңдап көр інім. Егер түсінбесең түсіндіремін. 
          Міне, орыс өлеңін тыңдап көр: «Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, орға жығады» (Круговая порука мажет, как копоть). Міне сен жақында ғана мемлекеттік жұмысқа тұрдың. Əріптестеріңнің бірі өз қызметін асыра пайдаланып,өз басына қажеттіні жасайды …

Read more
Comments: 0

Шығыс менталитеті

Орын алған жағдайларға байланысты мен 2017 жылы Оңтүстік Кореяда шамамен бір ай тұрдым.

Менің не айтқым келеді?

Бұл ерекше шығыс менталитеті бар, әдеттегі азиялық мемлекет. Мұнда үлкендерге құрмет көрсетіледі, отбасылық құндылықтары жоғары болады, ұжымдық мәселе жекеге қарағанда маңызды болып саналады, мінездері пуритандық емес, бірақ шектен тыс тәртіпсіз де емес. Жалпы айтқанда, бұл Сізге Еуропа емес. Бірақ…

Соған қарамастан, Оңтүстік Корея …

Read more
Comments: 0

Қазақ қыздары қытайлықтарға күйеуге шықпасын дегендерге.

       Біреу «қытайлыққа тиетін қазақ қыздары – жезөкшелер!» дегенде ол қазақтарды қытайлықтардан жоғары көтеріп қойғанына тең.

       Бұл этика жағынан адамның рухына теріс келеді, өйткені шовинизмның нақты көрінісі болып шығады.

       Заң жағынан болса бұл Қылмыстық кодексінің 174 бабына келетін іс-әрікет болып табылады. Бұл бапта «ұлтық араздығын желіктіруі, әсіресе БАҚ арқылы, екіден жеті жылға …

Read more
Comments: 0

Эвтаназия

          Бірнеше жыл бұрын менің әжем қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Өлім алдында ол қатты қиналды. Ауру баяу және ауыр өтті. Сондықтан ауырсынуды басатын дәрілердің мөлшері үнемі артып отырды. Ақырында, дәрінің шекті рұқсат етілген мөлшерінің ағзаға әсер етпейтін сәті де келіп жетті. Сол сәтте менің әжем тоқтамсыз ауруға қарсы жалғыз өзі қалды. Ол арасында ессіздікке түсіп, …

Read more
Comments: 0

Менің қиялымдағы мінсіз Қазақстан мемлекеті

Саяси тұрғыдан – демократиялық мемлекет.

            Депутаттарды, әкімдер мен соттарды сайлау арқылы халықтың билікке нақты ықпалы бар. Мемлекетте оппозиция бар және қолдауға ие. Қос партиялы жүйе орныққан және олар халықтың дауысы мен қолдауына ие болу үшін үнемі таласқа түседі. Жеңіске жеткен партия көшбасшысы президент атанады, бірақ екі мерзімнен аса билікте отыра алмайды. Белгілі бір жеке …

Read more
Comments: 0