Все статьи с тегом "#бостандық"

Оппозициямен әңгіме

         – Халықты дүрліктірмеу керек. Неге халықты билікке қарсы шығуға үгіттейсіздер?

         – Біз халықтың жағдайы жақсарғанын қалаймыз. Билік халыққа салмақ салмай, керісінше бағынышты болғанын қалаймыз. Мемлекеттік органдар мен соттарда парақорлықтың тиылғанын қалаймыз. Шенеуніктер мен байдың балалары қылмыстық жауапкершіліктен ақшаның арқасында құтылмағанын қалаймыз. Жердің пара арқылы емес, ашық әрі әділ бөлінгенін қалаймыз. Мемлекеттік лауазымға …

Read more
Comments: 0

Үлкен мекеменің кішкентай хабаршылары.

     Бірде ауылшаруашылық министрінің бір қызметкері журналистер алдында артық сөйлеп қойып, үлкен жанжал шықты. Бұл жағдайды барлық газеттер мен телеарналар іліп әкетті. Әрине жанжалдың бар салмағы министрге түсті. Кейін ол мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын ойластырды. Біреулер қызметкерлердің ақпарат құралдарымен кез келген байланысына тиым салып, хабарламаларды тек баспасөз қызметі арқылы беруді ұсынды. Бірақ министр басқа жолды таңдады. Барлық қызметкерлердің …

Read more
Comments: 0

Атыраудағы демократия сабағы

         Атыраудағы 2016 жылдың 24 сәуірінде қазақ жерін шетелдіктерге сатуға қарсы шеру Қазақстанда бейбіт шерулер мен демонстарцияларға рұқсат беру мәселесіне қайта оралуға жақсы түрткі болды.

Атыраулықтар біздің өркениетті қоғам болуға дайын екенімізді көрсетті. Қатысушылардың сөзіне сенсек, шеру кезінде ешбір адам жарақат алмағанын, тіпті алаңда сынған шам да болмағанын айта кету керек. Екінші жағынан билік ұйымдастырылмаған адамдар …

Read more
Comments: 0

Наразылық білдірген үшін жауапкершілік

Итальяндық заңнамада өте қызық өзгешілік бар. Егер сіз жол жүру ережелерін бұзсаңыз және сізге айыппұл салса, ал сіз онымен келіспесеңіз, бұл шешімге шағын бере аласыз. Бірақ … егер үдерісте ұтылып қалсаңыз, айыппұлдың сомасы екі есе көбейіп кетеді.     

Бұл норма инспектордың әрекеттеріне қарсы шығудың алдында дұрыстап ойлануды мәжбүр етеді.

Өзіне сенімді болмасан – дауласпа, дегендей! )))…

Read more
Comments: 0

Блогерлердің қандай жақсы тұстары бар

           Блогерлердің қандай жақсы тұстары бар?

           Оларда редакция және соған сәйкес редакциялық саясат жоқ.

           Олар құрылтайшылардың, демеушілердің және бастықтардың әсерінен еркін болады.

           Олар ешкіммен келістірмей-ақ, не болса да, барлығын жаза алады.

           Бұрында бізде бірнеше мың БАҚ …

Read more
Comments: 0

Сөз бостандығы және прокурор

          Алыс та емес, жақын да емес Колхозстан деген бір елде Прокурор есімді прокурор өмір сүріпті.

          Иә, шынымен де, азан шақырып қойған есімі Прокурор екен.

          Былай ғой, оның әкесі де, ағасы да және басқа да туысқандары бәрі прокурор болғасын, оның басқа таңдауы да болмаған еді. Ешқандай …

Read more
Comments: 0

Әлеуметтік желілерді құқықтық реттеу

        Әлеуметтік желілер аз уақыт ішінде күнделікті өмірімізден ойып тұрып орын алды. Кез келген қоғамдық құбылыс ретінде бұл салаға да құқықтық реттеу қажет.

        Осы турасында бірқатар ойларыммен бөліссем деймін.

        2012 жылдан бастап Қазақстандағы барлық ғаламтор-ресурстары бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) теңестірілді. Оларға тіркеуге тұру талабы міндетті емес.

      …

Read more
Comments: 0

«Жапалақ» па немесе «бозторғай» ма?

Бір уақыттарда мен өзім «жапалақпын» деп ойлайтынмын. Үйықтауға өте кеш жататынмын, тым кеш оянатынмын. Түнгі кезде менің нәтижелілігім  жоғарлайды, тыныштықта жұмыс жақсырақ істелінеді және т.б. дегенге толық сенетін едім.

Содан кейін маған ерте ояну қажет болды. Мен ерте ояна бастадым, сондықтан ұйықтауға да ерте жататын болдым. «Бозторғай» болып кеттім! Менің нәтижелілігім ертеңгілікте, түнгігімен салыстырғанда, жоғарырақ болып шықты. Және де көптеу …

Read more
Comments: 0

Миланның мэрі мен граффити

Соңғы келгенімде Миланның қабырғаларында граффити көбейіп кеткенін, одан қала кірлеу, күтім көрмеген сияқты болғанын байқадым. Бір такси жүргізушісінен неге бұлай екенін сұрадым. Ол, таксисттердің бәрі де сияқты, барлық сұрақтарға жауабын біліп тұрғандықтан істің бәрі Миланның қазіргі мэрында екендігі туралы ынталана айтып берді. Бұл мэр жастық шағында өзі де бейресми болыпты және осы қылықпен шұғылданған екен. «Міне, осылай, елестетіп көріңізші, – …

Read more
Comments: 0

Алуан түрлі Америка

       1990-жылдары Америкаға алғаш келгенімде бір оқиға есімде қалып қойды.

        Досыммен тыныш көшемен қаланы аралап келе жатыр едік. Бір кезде қасымыздан рэпті бақыртып қойған көлік зу ете қалды. Көлікте жалаң аяқтарын терезелерден сыртқа шығарып, сыраны сорып отырған афроамерикандықтар отыр екен. Бізге ала көздеріменен қарап қояды. Досым оларға қарамауымды сұрады, тіпті теріс қараған дұрыс деп …

Read more
Comments: 0