Все статьи с тегом "#рухани"

Лотереялар

Ешқандай лотереяларды жақтырмаймын және оларға қатыспаймын да.

Неге?

Өйткені лотерея миға теріс белгі береді: жұмыс істемей, күш салмай, тек қана сандарды дұрыс тауып, тез байып кетуге болады.   

Одан басқа, лотерея – ол есірткі. Әр сайын сәттілікке үміттенесің де билеттерді тағы да, тағы да сатып ала бересің.

Лотеряларды ұйымдастырушылар мен казинолардың қожайындары ағлақтық тұрғыдан есірткі сатушылардан еш жақсырақ емес деп …

Read more
Comments: 0

Мінбер мен көлеңке

Мінберге шығып тұрған және ықтырма артында тұрған адамдардың түйсіктерінде және мінез-құлықтарында зор айырмашылық болады. 

Сен көпшіліктің назарында болғаныңда, жүздеген көздің қадағалауында болсаң, сенің миың әуре-сарсаңға түседі. Бұл сенің қимылдарыңа және сөйлеген сөзіңе бұғау салып тастайды.  Сен мелшиіп қаласың, тұтығасың, айтқың келгенді жеткізу үшін сөз таба алмайсың. 

Ал сен артқы планда тұрғаныңда мүлдем басқаша болып еді. Сен  сабырлысың, жинақтысың, көңілің қадалған …

Read more
Comments: 0

Борышкерлер.

Берік пен Серік студенттік шақтан араларынан қыл өтпес жолдастар еді. Университетті бірге аяқтады, бизнесті де бірге бастап, «алып-сатудан» алғашқы ақшаларын тапты, дәулеттері артып,  екеуі де шаңырақ құрды.

Кейін компанияның жұмысы жүрмей, шығынға батты. Дүкендерді жауып, сатқанның өзінде бір кредиторға біршама қарыз болып қалды. Екі жолдас қарызды қалай қайтарамыз деп бас қатырды.

Серік пен Берік кеңселерінде тығырықтан шығар жол іздеп, ақылдасты.…

Read more
Comments: 0

Ұсақ-түйектердегі рухани кемелдік.

Рухани кемелдік туралы көп оқыған сайын, бұл идеялар әбден санаңа сіңіп, біртіндеп рухани өсу басталады.

Кейде бұл рухани өсу күнделікті тіршілікке қатысты ұсақ-түйектерге онша әсер ете бермейді.

Бүгін сауда орталығының тұрағындағы көлігіме қайтып келсем, жақын тұрған көліктің иесі есігімен менің темір тұлпарымның жанын сызып кетіпті.

Бұлқан-талқан ашуланып, бірден оның көлігін де сызып тастасам деген ой келді. Әйтеуір кегімді қайтаруды қаладым.…

Read more
Comments: 0

Таңғажайыптарды менсінбеу.

       Мен 21 ғасырдағы көкірегі ояу адамдар шамдағы «өзі жанатын от», «жұпар иісті» иконалар, «киелі су» сынды «қасиетті құбылыстарға» салқынқанды қарайды деп ойлаймын.

       Олар бұл құбылыстарға белгілі бір адамдар ат салысатынын біледі. «Берекелі отты» кім жағатынын, иконадағы «жас тамшылары» қайдан пайда болатынын, «киелі су» неге бүлінбейтінін түсінетін олар, басқалар үшін бұл «ертегінің» жалғаса беруіне кедерге келтіре қоймайды. Аяз атаның …

Read more
Comments: 0

Сүреңсіз емес ислам.

       Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.

       Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.

       Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.

       Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. …

Read more
Comments: 0

Кәрілік

Жастар менің ашуымды келтіріп, олардың музыкасы маған мағынасыз, киімдері ұсқынсыз, ғұрыптары азған болып көрінетін, бұрын шөп қәзіргіден көгірек, ал су қазіргіден ылғал болды деген ой басыма кіретін сәтті тұла бойымды қорқыныш билеп тосып отырамын. 

Менің кейбір құрбыларым сондай  күдіктерді  айта бастады. Ал менде, неліктен екенін білмеймін, әлі бастала қойған жоқ.

Маған қазіргі R&B бір кезде ұнаған  сүйікті «ABBA» және «Boney …

Read more
Comments: 0

Діни мейрамдар

Рождество мен Жаңа жыл қарсаңында күні бүгін ғана мұсылман болып таныла басталғандардан осы мейрамдарды атамай, оларды шетқақпайлауға шақыратын үнедулерін жиі еститін болдым.   

Мұндайды естігеннің өзі қайғылы.

Бұл адамдар рухани қалыптасу кезеңінен, былай айтқанда, балалық шақтың өсу кеселдерінен сынақтан өтіп жүргендерін түсінемін. Басқаша      бұл қызғаншақтық пен басқыншылықты түсіндіру мүмкін де емес.

Шынайы діни адамы бұндай ұран салмайды. Ол шын ниетпен …

Read more
Comments: 0

Ақыл мен күш

Бір күні бір адамның көлігі сынып қалды. Ол шеберді шақырады. Шебер көлікті мұқият қарап болып, қожайынына айтады: «Зілбалғаны ал да мына жерді соқ» деп, саусағымен көрсетті. Қожайын зілбалтаны алады да, көрсеткен жерді ұрып қалады, машина жұмыс істеп кете барады.

Біраз уақыттан кейін көлік тағы сынып қалады. «Мен шеберге не үшін ақша төлеймін екен, ол түкте істеген жоқ қой, тек қайда …

Read more
Comments: 0