Все статьи с тегом "#тәрбие"

Дейл Карнеги «Достарды қалай өзіңе қаратып алуға болады»

Ерте бір кезде осы кітап маған зор әсер еткен. Мен оны әлі күнге дейін кейбір кездерде қайта оқып тұрамын. Кім әлі оқымаған болса, оқып шығуды өте ұсынамын. 

Ал оқуға  уақыты  жоқтары ұшін міне қысқаша мазмұны:

Адамдармен қарым-қатынастардың басты қағидасы:

«Адамдарға ұнағыңыз келсе – оларға ұнайтынды істеңіз!»

Осы мақсатқа жетудің тәсілдері:

1. Сынамаңыздар.

2. Мақтаңыздар (тек қана бүкпесіз және мақтауға тұрарлық …

Read more
Comments: 0

Сын

Сынағанды қабылдамайтын адамдарды ешқашан түсіне алмадым.

Олар өздеріне сынап айтылған әр сөзге ренжиді; сыртынан біреу зәрлі ескерту жасамасын деп барынша ынталанады; қандай болмаса да ұнамсыз сөйленген сөзден жұдырықтары тас түйіледі немесе ол мысқылшыл «Өзіңе қара» деп қайтарып тастайды.

Мен осындай адамдарды аяймын.

Сыннан бет бұру айнаға теріс қарағанға тең.

Айнаға қараудан қашқақтаудан сен сұлуырақ және тазарырақ бола алмайсын, тек өзіңмен …

Read more
Comments: 0

Мейрамханалық қарағылық

Жанұямызбен Парижде болғанымызда Елисей алаңындағы «Paul» наубайханасына кіріп, багет, круассан алып көршілес «Starbucks» дәмханасына (онда кофесі дәмділеу) шығып кеттік. Отырдық, таңертеңгі асымызды іштік.

Өткен жылы Парижден достарымызға дәмді сарқыт әкелгенімізді кенет еске түсірдік. Оларды әйгілі астаналық мейрамханаға шақырдық, кешкі асқа тапсырыс бердік, ал тәттіге өзіміздің сарқытымызды алып шығардық. Сол сәтте даяшы, одан кейін әкімгер жетіп келді де, олардың мекемелерінде бөтен …

Read more
Comments: 0

Көрсетілім үшін байлық

Менің танысымның ұлы Чехияның бір университетінде білім алып жүр.  

Жуырда ол баласының хал-жайын білу үшін барып келді. Ұлының курстастарын, көбінесе чехтарды, қазақ ұлттық тағамдарымен сыйлайыншы деп, жатақханада дастархан жайды. Отырыс алдында ұлы шешесіне кенет былай деді: «Анашым, сен менің достарымның көзінше өзіңнің «Dior» сөмкеңді және iPhone-6-ны шығармашы, өтінемін». «Неге?» – деп менің танысым аң-таң болып қалды. «Білесің бе, – …

Read more
Comments: 0

Нөкер

          Нөкер патшаны жасайды деген сөз бар.

          Бірақ ең алдымен патша нөкерді жасайды (патшаға бағынышты адамдарды еріксіз еріп қосқан жағдайларынан басқа).

          Сондықтан да әр бағынышты қызметкер өзінің басшысының қандай да бір қасиеттерінің және ерекшеліктерінің көрінісі болып табылады. Ал әр басшы өзінің бағынышты қызметшісіне сай болады.

  …

Read more
Comments: 0

Өзінің есебінен

Шет аймақта тұратын менің бір таныстарым бар. Өздерінің шағын бизнестері бар, кедей емес. Жақында олардың баласына республикалық клиникада емделу қажет болып қалды. Осы сырқат бойынша аурулар үлес деп аталатынға кіреді, яғни мемлекет есебінен тегін емделуге болады. Бұл үшін облыстық денсаулық басқармасында жолдама алу қажет. Таяуда оларды Астанада көрдім. Баласын клиникаға әкеліпті. Емделу қалай, үлес бойынша келдіңіздер ме деп сұрадым. Жоқ, …

Read more
Comments: 0

Өркениеттіліктің құны.

       Елдің өркениеттілігі – бұл әр азаматтың табанды еңбегі. Қоқысты далаға шашпау, көшеде түкірмеу, айналадағылармен сыпайы болу, көлігіңмен ешкімге кедергі келтірмеу, артық шу шығармау, жол жүру ережелерін сақтау, пара бермеу, кешікпеу, жұмысыңды адал атқару үшін жігер керек.

       Тіпті қоқысты сұрыптап, белгіленген себеттерге ғана лақтыру да өркениеттің белгісі.

       Еліміздің өркениеттілігі үшін осындай табандылық пен жігер көрсетуге дайынбыз ба?…

Read more
Comments: 0

Объективтілік деген не?

Объективтілік деген не?

Объективтілік дегеніміз – жергілікті әйелдерге бірнеше келімсектер зорлық көрсетіп, айнадағыларды тонағанда, сол кезде бұл мемлекеттің көпшілік азаматтары келген адамдардың кетуін және басқалардың қабылдануына тыйым салуын талап еткенде, сен: «Жоқ! Барлық келімсектер бірдей емес. Олардың арасында жақсы адамдар бар. Нақты қылмыскерлер мен заң бұзушыларды жазалайық, бірақ біздің көмегімізді қажет ететін адамдарға жол жаппайық», – деп айтуың.

Объективтілік дегеніміз …

Read more
Comments: 0

Ауладағы балалардың пікірі

            Бала кезімде көп пәтерлі үйде тұрдым. Әр үйдің өз ауласы мен балалары болатын.

           Осындай бір аулада, ұмытпасам, Нұрлан деген бала тұрды. Нұрлан басқаларға қарағанда ірі әрі әлді болды да, ауланың атаманы атанды. Барлық балаллар Нұрланның қалаған ойынын ойнайтын. Егер біреу қарсы шығып жатса, Нұрлан оңдырмай сабайтын.

      …

Read more
Comments: 0

Вакансияға үміткерлердің әдептілігін сынау.

      Жақында жұмысқа орналасқысы келген үміткерлермен сұхбаттастым.

      Біздің іскерлік ортаға әбден сіңіп кеткен жағымсыз жағдаймен тағы да куі болдым.

      Көптеген үміткерлер бұрынғы жұмыс орындарын жамандаудан тартынбады.

      «Жұмыста ең үздік мен болғанмен, басқа адамды жоғарылатты».

      «Жалақымды өсірмей қойды. Ал бастықтар болса, пайдаға белшесінен батып жатты».

    …

Read more
Comments: 0