Все статьи с тегом "#философия"

Презентациядағы дұрыс хабарламалар.


Кейбір стартаптар әртүрлі аудиторияларға арналған презентацияларына қандай хабарламалар енгізу керектігін түсінбейді.
Мысалы, егер сіз өз жобаңызды мемлекеттік органға: әкімдікке немесе министрлікке ұсынатын болсаңыз, онда сіз ең алдымен жобаның мемлекеттік және әлеуметтік маңыздылығын атап өтуіңіз керек, мысалы, қанша жұмыс орнын құруды жоспарлап отырғаныңызды, қанша салық салуды жоспарлап отырғаныңызды, қаншасын бюджетке төлейтініңізді және т.б. көрсетуіңіз керек.
Инвесторға жобаны ұсынғанда, ол жұмыс пен …

Read more
Comments: 0

Қызметкерлердің сыны.

Жақында бір қызметкерді жұмыстан шығаруыма тура келді. Жұмысқа деген көзқарасымыз үйлеспеді.

Ондай кейде болады.

Жұмыстан кеткен соң сол қызметкер маған ұзақ хат жазып, мен туралы бар ойын жайып салған еді.

Мен жұмыста тым салқын адам екенмін, қызметкерлермен қарым-қатынасқа жіті көңіл бөлмей, оларды жиі сынап, сирек мақтайды екенмін.

Мұндай сөздерден кейін оның екі бетінен шөлпілдетіп сүйіп алғым келді!

Иә, дәл солай. …

Read more
Comments: 0

Заңдылықтар және кездейсоқтықтар.

Бірде қонаққа тұрмысқа енді шыққан қарындасым жолдасымен қонаққа келді.

Жанарлары жайнап, қол ұстасып, ұяң жымыңдап олар бал айының қызған шағында жүр еді. Бәрі әдеттегідей.

Екеуіне қарап қуандым. Кезінде мен де олардай болғанмын.

Бірақ қырсық шалып, екеуімен сөз таластырып қалдым.

Қарындасым жарын тағдырдың берген сыйы санайды. Университет асханасында екеуінің көрші үстелдерге отыруы, қарындасымның қасығын түсіріп алуы жазмыш екен және осы сияқты …

Read more
Comments: 0

Ойынқұмарлық және еркіндік.

Бұрыннан білетін бір танысым еліміздегі казинолар мен тотализаторларға қарсы күресте қолдауымды өтінді. Ойынханалар әкелетін бар зардапты басынан кешкен ол ұлынан айырылып қала жаздады. Ойынқұмар ұлы бар мүлкін салып жіберіпті, әйелі балаларын алып кетіп қалыпты, қазір емделіп жатыр екен.

Әрине ананы түсінемін. Бұл ол үшін ауыр қайғы. Үміт артқан, сүйенішім болады деген жалғыз ұлы бейшара халге түсіп қалды.

Ойынханаларды мен де …

Read more
Comments: 0

Жанқиярлық.

Бала кезімде әкем неге кешегі тамақты, кеуіп қалған нанды, шіріген алманы ұнататынын түсінбейтінмін. Тіпті оған күлуші едім.

Әкем отбасылық бюджтетті үнемдеп, өзі ең нашарын алып, балалары мен жарына тек жақсысын бергенін өскенде ғана түсіндім.

Осыны кеш түсінгеніме өкінемін.…

Read more
Comments: 0