Все статьи с тегом "#қасиет"

Сын

Сынағанды қабылдамайтын адамдарды ешқашан түсіне алмадым.

Олар өздеріне сынап айтылған әр сөзге ренжиді; сыртынан біреу зәрлі ескерту жасамасын деп барынша ынталанады; қандай болмаса да ұнамсыз сөйленген сөзден жұдырықтары тас түйіледі немесе ол мысқылшыл «Өзіңе қара» деп қайтарып тастайды.

Мен осындай адамдарды аяймын.

Сыннан бет бұру айнаға теріс қарағанға тең.

Айнаға қараудан қашқақтаудан сен сұлуырақ және тазарырақ бола алмайсын, тек өзіңмен …

Read more
Comments: 0

Футбол – ерлерге тән спорт

Маған футбол ұнайды. Ақыл-ойды, дене шыдамдылығын және батылдықты талап ететін әсем ойын.

Бірақ соңғы кездері үлкен футболда жағымсыз бір беталыс пайда болған. Алаңда өзін өзі бойжеткен сияқты ұстау дағдыға айналып кеткен: төрешіге қарсыласына шағыну, онымен қарсыласу, болымсыз қақтығыстардан құлап қалу, жерге аунап, тіпті жоқ кезде жан қинайтын ауруын көрсету, жорта ауырғансу. 

Бұған қараудың өзі де жиіркенішті!

Футболшы өзін батыл, байсалды …

Read more
Comments: 0

Бірлесу мен бөліну

     Есімде, біз, қазақстандық әскерге шақырылғандар, КСРО байланыс әскердің оқу бөліміне келіп түстік. Бұл шұбар қазан болатын: грузиндер, өзбектер, шешендер, қазақтар, украиндықтар. Үшінші күннің өзінде ұлттық салдардан қақтығыстар басталды. Одан кейін қазақтар мен грузиндер арасында жаппай төбелес басталды. Командирлердің үрейлері қашты, бізді қалай тыныштандыруды білмеді.    

     Ақырында, жарты жылдық курс аяқталды, бізді бөлімдерге жіберді. Ал бөлімдерде …

Read more
Comments: 0

«Мырзалар» мен «малайлар»

Біздің заманымызда көптеген адамдардың үйлерінде көмекшілер жұмыс істейді: үй шаруасындағы қызметші әйелдер, бала бағушылар, жүргізушілер, күзетшілер және т.б.   

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында әртүрлі қарым-қатынастар туады.   

Жаңадан болған байбатшалар өздерін феодалдар (байлар) деп көріп жұмысшыларға басыбайлы малайларға сияқты қарайды: менменшіл, менсінбей, екінші сұрыпты адамдар деп санайды.

Басқалары ше көмекшілерге жанұя мүшелеріне сияқты қарайды: құрметтеп, игілікпен, жылы жүзбен.

Мінез-құлықтың …

Read more
Comments: 0

Байлар мен кедейлер

Нарықтық қарым-қатынастардың дамуымен әр қоғамда байлар мен кедейлерге жіктелу сөзсіз. Бұл біздің біреулеріміз ақылдырақ, басқалары – зердесіздеу, біреулері – талапкерлеу, басқалары – жалқаулау, біреулері – батылдау, басқалары – сақ болған сияқты дағдылы. Дәл осылай болу қажет.

Бірақ қоғамдағы жалпы ахуал, байлар мен кедейлердің арасындағы қарым-қатынастар бұларға да және басқаларына да маңызды. 

Байлар, егер күнделікті өмірде өзіне айналағылардың қызғанышын, яғни жек …

Read more
Comments: 0

Сыншыларға деген өшпенділік

Мәжілісте бір «жолдас» сөз сөйлегені есімде. Мәжіліске қатысқандардың біреуі сынап сөз сөйледі. Ол баяндамашыны балағаттаған жоқ, намысына тиген жоқ, жалпы баяндамашының өзіне қарсы болмады. Ол тек қана пікірге қарсы болды. Бірақ баяндамашының дәл сол сәтте ашуы қысып кетті.    

Таңғаларлық.

Біз дағды бойынша бізбен біреу тек кішкене ғана келіспейтін болса оны жау санаймыз және құртуға дайынбыз……

Read more
Comments: 0

«Қабықша»

Мемлекеттік қызметте болған кездерімде жол жүру ережелрін кейде бұзғатынмын. Тәубеге келдім. Жылдамдығым да артып кететін, трассада фараларды қосып қоюды ұмытып кететінмін. Ондайларым болып тұрды. 

Бірақ ешқашан өзімнің бұзушылықтарым үшін жауапкершіліктен өзімнің қызметімнің, «қабықша» деп аталатынның (қызметтік куәлік) арқасында қашып құтылу ойыма мүлде келіп шықпаған да.    

Керісінше, мен қызмет орнымды айтпауға тырысатынмын. Ережелерді вице-минстр немесе әкімнің орынбасары бұзғанын полицейлер білмегенін …

Read more
Comments: 0

Сынды қабылдау

Адамдардың көбі сынды ауыртпаушылықпен қабылдайды. Олар ренжіп қалады, сынаушының беделіне күдіктенеді, оның кемшіліктерін іздейді, кек алады.  

Осындай әңгімелерді жиі естуге болады:

– Менің ойымша, сіз өзіңіздің болжамыңызда қателескен сияқтысыз.

– Сіз экономикада не түсінесіз екен, а?! Одан да өзіңіздің қойларыңызбен айналыса беріңіз! 

– Маған сіздің жобаңыз ұнамайды. 

– Ал сіз өміріңізде бірдеме істеп көрдіңіз бе? Алдымен істеңіз, ал …

Read more
Comments: 0

Жосықсыз әдет-ғұрып жұдырықшы құқық

Қаланың орталығында екі жүргізуші шекісіп қалады. Біреуі екішіншісін басып өған шығар, сірә. Жүргізушілер көліктерінен түсіп жұдырықтасып жөнін шеше бастайды. Біріншісі екіншіні ұрып-соғып тастап разы болып кетіп қалады. Екіншісі асфальт үстінде жатып қала береді.    

Таныс сюжет, рас па?

Тіпті болжаулы және әдеттегідей деп айтар едім. Бірақ осындай болып ол артта қалған, дамымаған, жабайы елдерге тән қалады.  Өркениетті елде бұндай …

Read more
Comments: 0

Спорт

Спортта, әр айрықша жағдайда сияқты, адамдардың түйірі танылады. Адам қандай екенін білгіңіз келсе, оны футбол алаңында немесе хоккей  кортында байқап көріңіз.

Егер де ол білдіртпей аяқпен шалып қалса, ережелерді бұзғанын мойындамаса, төрешімен ұзақ дауласса, команда бойынша серіктестерін жасаған қателері үшін кінәласа, онда осындай адаммен бірге барлауға шықпаңыз деп кеңес берер едім. Күнделікті өмірде ол ұсақшыл, өкпешіл және де пиғылды адам …

Read more
Comments: 0