Менің ойымша, Украинадағы уақиғаларды бағалау кезінде көптеген бақылаушылар түсініктерді шатастырып алған сияқты.
Ең басында кейінірек Евромайдан деп аталған Киевтегі оқиғаларды Батыстың, Ресейдің және Украинаның өзіндегі демократиялық қоғамдары украиндықтардың елдің өктемшіл сыбайласқан басшылығымен күресі деп түсінді. Сондықтан бүкіл әлемдегі демократтар бұл қимылдарды және билікті ауыстыруды қолдады. Шерушілердің ұрандары мынадай болды: демократия, өзін өзі билеу құқығы, Еуропамен бірігу. Яғни, күрес келесі тұрғыда болған: демократия өктемшілдікке қарсы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқындығы, сыртқы үстемдікке қарсы өзін өзі билеу. Шерушілердің негізгі көпшілігінде орыстарға қарсы деген ештеңе болмаған да.
Бірақ, тарихтың көптеген жағдайларында сияқты, либералдық-демократиялық күштермен бір баррикадаларда өздерінің ұйымдасуларының жақсылығының арқасында бастаманы және биліктегі басқарушы қызметтерді өз қолдарына алған алға өздерінің «Украина украиндықтар үшін», «Орыстар – басқыншылар» және т.б. деген ұрандарын шығарған ұтшылдар тап болды. Осылайша олар айналасындағы жиһанды басқа тұрғыдан бөлді: ұлтшылдар интернационалисттерге қарсы, фашизм теңдікке қарсы, украиндықтар орсытарға қарсы.
Мүдделердің осындай екі тұрғылы бір нүктеде қиылысқанының нәтижесінде түсініктердің араласуы пайда болды.
Ресейдің басшылығы басынан бастап, Украинаның жаңа биліктерінің ойынша, өздеріне ниеті түзу Президент Януковичті орнынан алып тастауды осы реті келіп тұрған оқиғаны пайдаланып қалды да, Украинадағы орыс ұлтты және орысша сөйлейтін азаматтарды ұлтшылдардан қорғау ұрандары арқасында Қырым мен бүкіл Украинаның өзінде белсенді әрекеттерін бастап жіберді. Еріксіз, немесе, Путинның қарсыластарының ойынша, ресейлік насихаттық машинасы украиндық демократтарды және украиндық ұлтшылдарды, оларды бір «жаңа украиндық биліктер» деген түсініммен біріктіріп, араластырып жіберді. Ұлтшыл және де Украинадағы орыс ұлтшылардарды жәбірлетушінің ретіндегі жаудың бейнесі Ресейдің отаншылдық бірігуіне бәрінен жақсы келгендіктен осы жаудың маңдайына «бендеровшы» деген белгі соғылды, және сол маңдай, бейнелеп айтатын болсақ, орыс қаруының көздеуіне түсті.
Ұлтшылдармен бірге көздеуге украиндық демократтар да түсіп қалуында істің бәр мәні екені, сірә. Сондықтан оларды ұлтшылдармен қоса кеше ғана бауырлары мен құдалары болған украиндерді орыс халқының көпшілігі жек көре бастады. Украиндықтар тіпті орыстармен соғыспаған болса да. Олар өздерінің елдеріндегі үстемдік пен сыбайластыққа қарсы бостандық және демократия үшін күрескен еді.
Насихаттық тұзаққа түсіп қалып, Украинадағы оқиғаларға қызығушылықтарын білдіретіндердің барлығы екі лагерьге қақ бөлініп кетті: украиндықтарды жақтаушыларға және орыстарды жақтаушыларға. Президент Путиннің іс-әрекеттерінің дұрыстығына күмәнданатындардың барлығына «Ресейдің жауы» деген белгі соғылады. Және де, керісінше, Украинадағы орыстардың тағдырына ақ көңілдірдіктерін білдіргендердің бәрін оппозиция бірден «империалисттер» және «басқыншылар» деп атап кетеді. Алайда, ақиқатында басқа белгілер бойынша бөліну қажет еді: еркін демократиялық Украина үшін бе немесе Украинаның өктемшіл және сыбайластық басшылығы үшін ба? Осындай белгілер бойынша, менің ойымша, украиндықтар мен ресейліктің де көбі біріншісі үшін дауыс беретін шығар. Ал екінші түрғы мынадай: азаматтардың бостандықтары үшін бе немесе Украинадағы үлтшылдық-шовинистік әдістер үшін бе? Осындай таңдауда, меніңше, украиндықтардың және ресейліктердің көбі тағы біріншіге дауыс берер еді. Міне, украиндықтар мен орыстардың көбі бір нәрсені қалайды екен, бірақ өздері соғыс қарсаңында болып қалды. Империялық кеудемсоқтыққа толы және де, «өздерінің жерлерін» бүкіл Еуразиядан жинап алғысы келетін ресейліктердің саны, менің ойымша, аса көп емес. Ақыр аяғында, осыған сенгім келеді.
Сондықтан украиндық (немесе орыс) демократы орыс қорғаушысына тіпті жау да емес. Ол өктемшіл режимнің және де империялық қылықтардың жауы.
Сөйтіп, мен тағы бір рет бәрін орын-орнына қойғым келеді: мен (менің ойымша, Украинаның тағдырын жан-тәнімен тілектес адамдардың көбі сияқты) – демократиялық түрде сайланған Кедендік кеңесте болуын, иә Еурокеңесте болуын өзі таңдайтын құқығы бар азат Украина үшінмін. Бірақ! Украинаның билігіндегі ұлтшылдарға қарсымын, ол жақта басқа ұлттарға көрсетілген қысымға қарсымын!
Сонымен қатар Украинаның аумақтық біртұтастығының бұзылуына, Қырымды қоса отырып, қарсымын! Бірақ! Егер Украинада геноцид пен азшылық ұлттардың құқытарының бұзылу деректері анықталатын болса, мен – шетелдік араласуды және осы азшылықтардың құқықтарын қорғауды жақтаймын. Әрине, жек-дара емес, иә Ресей болсын, иә АҚШ болсын, тек қана БҰҰ-ның қамқорлығындағы әскерлердің халықаралық құрамымен.
COMMENTS