Жақында жұмысқа орналасқысы келген үміткерлермен сұхбаттастым.
Біздің іскерлік ортаға әбден сіңіп кеткен жағымсыз жағдаймен тағы да куі болдым.
Көптеген үміткерлер бұрынғы жұмыс орындарын жамандаудан тартынбады.
«Жұмыста ең үздік мен болғанмен, басқа адамды жоғарылатты».
«Жалақымды өсірмей қойды. Ал бастықтар болса, пайдаға белшесінен батып жатты».
«Компания иесі бұл бизнес жайлы мүлдем түсінігі болмады, менің ақылыма құлақ асқан жоқ, ақыры компания құлдырап тынды».
Әңгіме сарыны осылай кете береді.
Бұндай сөздер менің әдеп туралы түсінігіме қайшы келеді. Менің ойымша, бұрынғы басшылар туралы не жақсы сөз, не ештеңе айтпаған жөн. Ары кетсе «бұл адамды (бұл компанияны) ұсына алмаймын» дегеннен аспаған дұрыс.
Ал бұрыңғы әріптестер мен басшыларды ашық жамандау жол бермеу керек.
Сонымен қатар қарсы отырған үміткер бұрынғы басшыларын жамандап отырса, кейін басқа жұмысқа орналасарда маған да сөз келтірмесіне кепілдік жоқ қой. Мұндай адамман бір ұжымда жұмыс істегім келмейді. Үміткерлердің осы қарапайым ақиқатты түсінбейтіндеріне таң қаламын.
Осындай сұрақтардың көмегімен үміткерлердің әдептілігін сынауды бұрыннан әдетке айналдырдым.
P.S. Бұл жазбамды оқыған жолдасым құпияларыңды ашып қойдың ғой деп жазғырғандай болды. Бірақ бұл жазбаның мақсаты жастарға үлгі көрсету еді. Жастар оқысын, достарымен бөліссін, оқығандары бұл қателікті қайталамасын.
COMMENTS