Бүгін бір танысым әңгімелеп берді.
Кеше оны мектеп бітіруші қызының сынып жетекшісі мектепке шақырды. Бөлмеге кіргізіп, есікті жапты да сенімшілік әуенді дауыспен ҰБТ тапсырылуын қадағалайтын қатал құқық қорғаушы органның тәлімгерімен қажет уақытта ол ұялы телефондарға қойылған бұқтырманы өшіріп тастауы, тіпті дәлізге шылым шегуге шығып кетуі туралы келісуге жол болды деп хабарлады. Мұғалім қуанышын әзер тыя алып тұрды. Бірақ, «нашар оқушылардың» ата-аналары ақша қосып, тәлімгерге «алғыс айтулары» керек. Ал менің танысым ешкімге ақша бермейтіні және де оның қызы ҰБТ-ны өзі тапсыруға тырысатыны туралы айтқанда, мұғалім есеңгіреп және көңілі қалып қойды. «ҰБТ-де ешкім, оған қоса сіздің қызыңыз да, сенімді болуы мүмкін емес», – деп ренжіген болса керек..
Осымен бұл оқиға аяқталмады. Бүгін таңертең мектеп бітірушілерді мектепке шақырады және олардың алдында енді мектеп директоры сөз сөйледі. Оларды не үшін жинағандарын білесіздер ме? ҰБТ-ны тапсыруға және мектеп абыройын қорғауға шабыттандыруға деп ойлайсыздар ма? Қателесесіздер. Шынында, мектептің абыройы туралы айтылды, бірақ та мүлдем басқа ракурста. Мектеп директоры өздерінің оқушыларын … көшіріп жазып алуды үйретті. Иә, иә. Көшіріп жазып алуды. Ол, сірә, оқушылар осылайша мектептің абыройын қорғайды деп ойлайтын шығар.
Менің танысымның қызы, өзі сәл идеалистік жан, есеңгіреп қалды. «Мұғалімдер бізге алдауды үйретеді», – деп абыржып ол анасына айтты.
Мен өзім де сәл есеңгіреп қалдым.
Біздің білім беру жүйемізге не болып барады өзі?! Біз қайда домалап түсіп барамыз, егер мұғалімдер оқушыларға 10 жыл бойы білім бере алмай, тек бақылаушыға ақша беріп, оны сатып алуға және де балаларды көшіріп жазып алуға үйретуге ғана алаңдаса? Біздің балаларымызға, олар қоғамымыздың қатарына қосылғайша, қандай моральдік-этикалық үлгі көрсетеді? Өзіміздің қатарымызға қандай азаматтарды қосамыз өзі?
COMMENTS