Бір уақыттарда мен өзім «жапалақпын» деп ойлайтынмын. Үйықтауға өте кеш жататынмын, тым кеш оянатынмын. Түнгі кезде менің нәтижелілігім жоғарлайды, тыныштықта жұмыс жақсырақ істелінеді және т.б. дегенге толық сенетін едім.
Содан кейін маған ерте ояну қажет болды. Мен ерте ояна бастадым, сондықтан ұйықтауға да ерте жататын болдым. «Бозторғай» болып кеттім! Менің нәтижелілігім ертеңгілікте, түнгігімен салыстырғанда, жоғарырақ болып шықты. Және де көптеу іс тындырып үлгеретін болдым.
Ақырында, мен ешқандай да «жапалақ» емес екендігімді, тек осы сөзбен өзімнің жалқаулығымды және де берекесіздігімді жасырғанымды өзім мойындадым.
Мен «бозторғай» ретінде жып-жинақы, тәртіпті және олжалы болуымды байқап қалдым.
COMMENTS