Кейбір сот үдерістерін соттың шешімі (үкімі) шықпағанша, сонымен қатар одан кейін де талқылауға азаматтардың құқығы бар ма?
Бар деп санаймын.
Менің ойымша, соттардың әрекеттерін талқылау демократиялық елдің азаматтарының іргелі құқығы болып табылады. Ол жалпы сөз бостандығы ізгі құқығынан туындайды. Еркін қоғамда тыйым салынған тақырыптар болмау керек. Бұл құқық тек қана соттарға тарамайды, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға да қатысы бар. Не сот, не Үкімет, не Парламент өздерінің әрекеттері жөнінде азаматтарды сын құқығынан айыруға құқылы емес. Шешім қабылдау барысында және одан кейін де.
«Соттың шешімі талқыланбайды» немесе «Үкіметтің шешімдері талқыланбайды», тіпті «Президенттің шешімдері талқыланбайды» деген қағидаттар осы мемлекеттік қызметшілеріне қатысты, онда де тек бағынышты жұмыс атқарған кезеңде ғана. Егер адам мемлекеттік органның немесе басшының әрекеттермен келіспесе, ол жұмыстан шығып, одан кейін жұрт алдында оны сынға сала алады
Соттардың және басқа мемлекеттік органдардың әрекеттерін талқылауға тыйым салу осы органдардың қателеспейтіндігін, яғни олардың тіпті құдайша жаралғандығын мақұлдау деген сөз. Осындай инкалардың тайпасында немесе Мысырда фараондар кезінде болуы мүмкін, бірақ қазіргі білімімен жоғары дамыған қоғамда емес.
Екінші жағынан қарағанда, менің оймша, Соттар кеңесінің жұртшылықтың соттарға еткен ықпалына тыйым салғызу соттардың кәсіпқойлықсыздығымен және соттардың моралдік тұрақсыздығымен тең болып көрінеді. Яғни, Сот кеңесі соттар қоғамдық қысымды көтере алмай, шешімді заңға сәйкес емес, жұртшылықтың тілегіне сәйкес қабылдауы мүмкін деп күдіктенеді. Осындай жағдайда, менің ойымша, Соттар кеңесі соттарды жұрттан қорғағанның орнына соттармен тиісті жұмыс атқаруға күш салу қажет сияқты.
P.S. Осы ережеден тек қана бір ерекшелік бар – қызметтік міндеттер бойынша үдеріске қатысушыларына әйгілі болған құпия ақпараттың жария етілуін болдырмау. Бірақ бұл мәселе онсыз да заңмен реттелген және, менің ойымша, қоғамда келіспеушілік тудырмайтын сияқты.
COMMENTS