– Ал, бауырым, тағайындалуыңмен құттықтаймын! Жарайсың! Бүкіл біздің курсымыз сен үшін өте қуанышты және мақтан тұтады! Әкімнің орынбасары – ол саған оп-оңай емес қой!
– Көп рақмет.
– Сені көп бөгемеймін. Сен енді жұмысбасты адамсың ғой. Ал мен неге келді дейсің ғой? Бұнда ашпаған есігім қалмады. Әкімдіктің бірде-бір конкурсында жеңе алмадым. Міне, енді сен осында келіп қалдың. Енді істің сәті болатын шығар!
– Түсінбедім.
– Ой, маған конкурсты жеңіп алу керек те.
– Ал мен саған қандай көмек көрсете аладым екен?
– Тыңдасаңшы, сен мемлекеттік органдарда алғашқы рет жұмыс істейсің бе, не? Ол қалай жасалатынын білмей тұрсың ба?
– Бауырым, білмеймін де, білгім келмейді де. Мен ешкімге де конкурстарда жеңіп шығуына көмектеспеймін.
– Еһе! Ол қалай? Ал сен мұнда не үшін жұмыс істеуге келдің сонда?
– Отанға қызмет ету үшін.
– Жәрайды, әзілдегеніңді қойшы өзің! Мен қалжыңсыз айтып тұрмын ғой.
– Мені тыңдашы, былай уәделесейік. Егер де осында біреу саған заңсыз кедергі жасаса, конкурстарға қатыстырмаса, басқа компанияларға тапсырыстарды негізсіз берсе және тағы басқасы бола жатса, сен бірден маған хабарлас. Кінәлілерді өзім жазалаймын. Саған жасалатын жағдайлар басқалалардікінен жаман болмас. Оған уәде беремін.
– Осы ғана ма? Мен үшін жасай алатыныңның бәрі осы ғана болды ма?
– Иә.
– Ендеше рақмет саған, курстасым! Рақмет, досым! Ал мен сен үшін қуанып едім.
– Кешіре көр, олай болса.
– Ал, жарайды, сау бол!
COMMENTS