Жоғары қызметтегі жас шенеуніктерге қарап отырып, кезінде өзім де олар сияқты болған қалымды есіме түсіремін.
Қазір ғана жоғары қызметке тағайындалғаны. Жолдастар мен таныстардың құттықтаулары. Туысқандардың мақтануы. Барлық шаралардағы назар.
Дәл осы сәтте олардың өмірінде бір жаңа құбылыс пайда болады: шараларға «тойға шақырылған генералдар» ретінде шақырулар. Алғашқыда бұның бәрі шынайы болып көрінеді. Жақын достарың шақырады. Сен барасың, өйткені сен үшін олармен қатынасу шыныменен өте қызықты да сүйсінерлік болатын, ал кейде шақыруларын қабыл алмау оларды ренжітеді деп қорқасың. Онда ақылға қонбайтын сөз сөйлейсің. Сонымен бірге сен не айтқаныңа қарамастан, ду қол шапалақтар сені ылғи да күтіп тұрады. Жасыңның балғындығына қарамастан сені төрге шығарғанға, саған бірінші сөз бергенге үйреніп кетесің. Топты жарып өткенде сені танып, шегініп жол ашқан тіпті қалыпты сияқты көріне бастайды. Атақтың сәулесіне бөлене бастайсың. Басың ақырындап және білдіртпей айнала бастайды.
Содан кейін сені тіпті ең жақын емес достарың мен туыстарың шақыра бастайды. Бір күнінде шараның біреуінде бұнда сені шақырған адамнан басқа ешкімді танымайтыныңды және оларды алғашқы көргеніңді кенттен байқап қаласың. Мен мұнда не істеп жүрмін деп ойланып қаласың. Сен «тойға шақырылған генералға» айналғаныңды кенттен айқын сезінесін. Өзіңе өзің шеттен қарағандай болып, осы сыйлы орында абыройлы, мінез-құлқының жақсы ерекшеліктері мен жеке жетістіктері бар тамаша үлгілі жігіт емес, тек қана вице-министр немесе Ұлттық компанияның төрағасы отырғанын түсіне бастайсың. Бұл сен емессің, мұнда тек сенің лауазымың ғана отыр.
Әлдебір себептермен сол қызметсіз болып қалған жағдайда сен біржолата иланатын боласың. Құттықтаулардың саны кенет азайып кетеді, шараларға шақырулар да. Қызметің жоқ болып қалып еді – «достарың» да сырт айналып кетті.
Ал сен дәл осылай болатынын білдің ғой. Осы туралы кітаптарда оқыдың және де талай әңгімелер естіп жүрдің. Бірақ өзіңнің басыңнан осындайды кешіргенде таң қаласың: «Бәрі осылай болады екен ғой?»
Иә, дәл осылай. Сен бірінші де есмессің, иә сен соңғы да емессің. Ылғи да осылай бола береді.
Сен өзгерте алатын бірден-бірі – «тойға шақырылған генералға» айналмауың. Мерейтой иесіне сені «құрметті олжа» етуге мүмкіндік бермеу. Сені шынымен қызықтыратын жаққа, айналаңда тек нағыз достарың болатын жерлерге бару керек. Газет оқымайтын, тіпті сен жоғары қызметке тағайындалған екеніңді немесе одан шығарылған екеніңді мүлдем білмейтіндермен.
COMMENTS