Жақында бір танысым бір шарада түскен фотосуреттерді көрсетті. Бір ұлттық компанияның департаментінің директорының өзімен, құқық сақтау органы қызметінің бастығымен және т.б. бір үстел басында отырғаны туралы мақтанышпен айтты. «Маңғаз адамдар, – деді, – және өздерінің қадірін біледі. Үстел басында олар өздерін паңданып ұстайды». Кенет мен фотосуреттерде бір таныс бейнені көріп қалдым. «О, ол да сонда болды ма?» – дедім. «Иә. Ал ол кім өзі? – деп досым сұрады, – өзін таныстырған да жоқ, бүкіл кеш бойы сыпайы отырды, бәрімен әдепті болды, өзінің лауазымын атаған да жоқ». «Бұл менің бұрыңғы әріптесім, вице-министр. Тамаша адам», – дедім. «Вице-министр?! – Менің досым есеңгіреп қалған сияқты, – лауазымы қасымызда отырғандардың бәрінен жоғары ғой, ал өзін елдің бәрінен сыпайы ұстады». «Мен оны осы үшін сыйлаймын, – дедім, – оны көп жылдан бері білемін. Мемлекеттік жұмысқа дейін. Лауазымдары мен атақтары оның мінез-құлқын мүлде өзгертпеген. Ылғи адам болып қала береді. Бұл оның ең басты атағы, және осы атағынан ол ешқашан айырылмайды».
WRITE A COMMENT
WRITE A COMMENT
COMMENTS