Қазақстанның астанасы тез салынып жатыр. Оны жаңғырту үшін кейде ескі үйлерді құлату қажет болады, олардың орнына қазіргі заманға сай ғимараттарды салу үшін. Ескі құрылыстардың қожайындарын қалайша ренжітпеу керек, және сол мезетте астананың дамуын тоқтатпай?
Мен бұл үдерісті осылайша ұйымдастырушы едім.
Қаланың Әкімдігінде Қаланың бас жоспары бар. Онда не, қайда және қашан салына басталынатынын және қайта құрылынатын көруге болады. Қаланың әр орамына ТЖЖ (толық жоспарланудың жоспары) бар. Осындай ТЖЖ бойынша ескі жекеменшік үйлердің орнына паркингі, дүкендері және т.б. бар көпқабатты тұрғын кешенді салу жоспарланды делік.
Қала Әкімдігі Тұрғын кешеннің эскиз жобасын, яғни болашақ құрылыстың көзбен шолынатын бейнесін жалпы сипатта негізгі техникалық сипаттамасымен өндейді.
Келесі қадам: әкімдік тәуелсіз бағалау компаниялардың көмегімен құлатуға жататын объектілердің нарықтық құнына бағалау жүргізеді. Сонымен бірге шаршы метрдің құнын өзін ғана емес, өзара салыстырмалы саралауды анықтау маңызды. Яғни, осы үшқабатты «хрущевкадағы» шаршы метрі осы учаскедегі көрші «лашық үйдегі» шаршы метрден неше есе қымбат екендігін түсіну маңызды. Сонда осы учаскедегі жылжымайтын мүліктің құлатуға жататын объектілерінің бірыңғай тізілімін құрастыруға болады. Ол шамамен осылай көрінеді: «хрущевкалардағы» 3 000 шаршы метр 100 000 теңгеден бір шаршы метрі үшін, саманнан салынған тұрғын үйлердегі 1000 шаршы метрі 50 000 теңгеден, тұрғын емес құрылыстардың (қоралар, көлікжайлар) 500 шаршы метрі 20 000 теңгеден. Жиыны 360 миллион теңге болып шығады.
Одан кейін әкәмдік салушы-компаниялар арасында ашық конкурс-аукционды жариялайды. Шарттары келесі: конкурстың жеңімпазы осы учаскеде Эскиз жобасына сәйкес тұрғын кешенді салу қажет. Қожайындарға олардың құлатылатын тұрғын үйлері үшін жоғары баға ұсынған жеңімпаз деп табылады. Бастапқы бағасы 360 миллион болады. Үміткерлер аукционда саудаласуды бастайды. 720 миллион теңге ұсынған әлдебір компания жеңді делік. Осы орамадағы жылжымайтын мүліктің ең нақты нарықтық бағасы болады. Бірде бір үміткер осы шығындарды өтеуді мүмкіндік беретін бағадан жоғарысын ұсынбайды. Және де олардың біреуіне де бәсекелестері төмендетілген құн бойынша конкурста жеңуге бермейді. Әр заттың нарықтық құнын анықтау үшін ашық аукционнан жақсысы жоқ.
Әкімдік компаниямен келісім жасайды және оған құлатуға жататын тұрғын үйлерді сатып алуға үш ай уақыт береді. Салушы үшін қолайлық тұрғын үйлердің меншік иелерінің әр қайсысымен саудаласпауда болады. Баға ресми аукционда анықталды және талқылауға жатпайды. Көрсетілген 720 миллионнан салушы әрбір меншік иелеріне құлатуға жататын тұрғын үйдің оның құны мен шаршы көлемінің жалпы тізбесіне тепе-тең төлейді. Біздің мысалымызда тұрғын үйінің шаршы метрі алғашқыда 100 000 теңгеге бағаланғандар, аукционның арқасында, шаршы метр үшін 200 000 теңге алады.
Егер салушы уақытымен қаражатпен қамта алмаса және меншік иелерінен тұрғын үйлерді сатып алмаса, онда әкімдік онымен келісімді жояды да жаңа аукционды жариялайды.
Егер бірінші аукционның жеңімпазы тұрғын үйлердің бір бөлігін сатып алуға үлгерсе, аукцинның жаңа жеңімпазы оған жаңа аукцинның бағасы бойынша сатып алынған тұрғын үйлердің құнын төлеу қажет.
Менің ойымша, осындай жүйе салушылар мен құлаутуға жататын тұрғын үйлердің меншік иелері арасындағы ежелден келе жатқан мүліктің бағасының әділдігі туралы дауды шешуге мүмкіндік береді. Енді олардың ешкімі де дауласпайды және бір тарапты бағаны тым көтеруде, ал екінші тарапты – төмендетуде күдіктенбейді. Егер аукционда ешкім жоғары бағаны ұсынбаса, демек, осы нарықтық бағасы болғаны.
Бұдан басқа, аукциондық жүйе мемлекеттің мүддесіне қажет құлатылатын объектілердің бағалануына нақты нысана болады.
Әкімдік мемлекттік мүддеге ескі тұрғын үйлерді шығарып тастағанда өзі аукционды ұйымдастыра алмайды ғой, өйткені жолдарды, саябақтарды, мектептерді, ауруханаларды және т.б. салғанда онымен ешкім бәсекелеспейді. Көршілес жер учаскелеріндегі ашық аукционардың нәтижелері туралы ресми деректемелері тұрғын үйлердің меншік иелеріне ұқсас сомаларды төлеуге жеткілікті негіздеме болады. Және де мұнда олардың әкімдіктің бағаны төмендетуі туралы күдіктері жоқ болады. Ал егер күдіктер болмаса, митингтер мен жанжалдар да болмайды.
COMMENTS