Бір қызық егжей-тегжейді байқап қалдым: Италияда, мейрамхананың немесе дәмханасының үстел басына отырып, біз, әдеттегідей, өзіміздің телефонымыздан бас көтермей, бір-бірімізбен емес, виртуалдық достарымызбен тілдесе бастаймыз. Біз қазір Интернет пен смартфондарға тым әуестенген тірі өліктер сияқтымыз. Кездейсоқ жан-жағыма қарап қалсам, біздерден, қазақтардан және кейбір кәрістерден, басқа ешкім үстел басында смартфонды шұқылап отырмағанын кенте байқадым. Бәрі тамақтанып, бір-бірімен әңгімелесіп, тілдесіп отыр. Ешкім тағамдарды суретке түсірмейді, селфи да жасамайды, Фейсбукке хабарламаларды шапшаң жазып отырмайды. Олар өздерінің ұялы телефондарын тіпті үйде қалдырып кеткен немесе өшіріп тастаған сияқты.
Бұл сонда не? Еуропадағы жаңа тренд пайда болғаны ма?
Біз тағы артта қалып қойдық па? Бәлкім, олар басқа сатыға шығып кеткен шығар, және оларда үстел басында телефонды шұқылап отыру ауызды тіс тазартқышпен шұқылаған сияқты жаман ырым шығар? 🙂
COMMENTS