Қазақстанның қалалары үшін дүкендерді, мейрамханаларды, салондарды салтанатты безендіру қалыпты құбылысқа айналған. Бұл қалай жасалады және де қандай күш салынатынын әрбір тоғышар біле қоймас.
Осылайша қала тұрғындарының көңіл күйін мекемелердің қожайындары емес, көбінесе әкімдіктер көтереді. Олар, барлық өтірік-шынды араластырып, кәсіпкерлерді өздерінің объектілерін гирляндалармен, маңдайша жазулармен, шыршалармен безендендіруді міндеттейді. Кей уақытта бұндай безендіру брендтің тұжырымдамасына қайшы келеді, әсіресе әңгіме франчайзинг объектілер жайында болса. Жеке меншік иелері витриналарының әрленімін, қаражат жұмсап, бұзудан бас тартқан жағдайда әкімдіктердің қызметшілері қысым көрсетеді, ал кей кезде ықпал жасаудың әкімшілік шараларын қолдануға да барады.
Осының бәрі қалай жасалатынын біле тұра және де өз басымнан кешіп өткендіктен болар, дүкендердің салтанатты безендендірілуіне аса қуана қоймаймын, тек байғұс-қожайынына қаншаға түскенін ойымша бағамдаймын.
Меніңше, осындай тәжірибені мүлде жойып тастау керек.
Егер әкімдік қала тұрғындарының көңіл күйін көтергісі келсе, оны бизнестің есебінен емес, бюджеттің тарапынан жасау қажет.
COMMENTS