– Неге сен мына блогердің посты ұнады деп белгіледің?
– Қалайша неге? Ол дұрыс нәрсені және өте түсінікті жазды ғой. Маған ұнайды.
– Ал сен білесің бе, ол сенің постыларыңа ұнайды деп жазбайтынын?
– Жоқ, білмеппін. Назар аударған жоқпын да. Ал не болып қалыпты?
– Не болғаның қалай сенің? Ол ешқашан сені қолдамайды, ал сен оған ұнады деп жазасың.
– Ал сонда сен тек қана сені қолдайтындарға ғана ұнады деп жазасың ба?
– Жоқ… ылғи емес. Бірақ-та…
– Мен өзім посттарға, яғни, адманың өзі емес, сөздер, ойлар ұнады деп белгілеймін. Олардың авторы кім екенінде қандай айырмашылық бар екен? Адам оңбаған, өтірікші немесе кейбір мәселелер бойынша менің оппонентім де болуы мүмкін, бірақ егер сөздерінде ақиқат болса, мен оның дұрыстығын қабыладуға және қолдауға дайынмын. Ол мені жақсы көрмеуі, мінеп-сынауы немесе көзіне де ілмеуі мүмкін, бірақ егер ол өзі ақиқатты айтып тұрса, мен оны қабылдауға дайынмын.
– Сен өзің өте оғаш адам екенсің ғой.
– Менің ойымша, керісінше, сөздің ақиқатын олардың авторына деген көзқараспен өлшейтін адамдар оғаш.
COMMENTS