Бірнеше жыл бұрын мен бір облыстың әкімімен кездесуге бардым.
Міне былай, оған барар жолда мен төрт (!) тосқауылды санап шықтым.
Бірінші тосқауыл мені әкімдіктің ғимаратының кіре берісінде тосып тұрды (айтпақшы, адамдар әкімдікке бүйір жақтағы есіктен кіреді; орталық кіре беріс жабық тұр және тек қана үлкен қонақтарды қарсы алу үшін ашылады). Бұл сол бүйір кіре берісте айналғыш турникет орнатылған, оның қасында кішкене терезе артынан әр кірген кісіге күдіктене қарап және оның келу мақсатын анықтап отырған полицейлік.
Екінші тосқауыл бірінші қабаттың ұзын дәлізінде орнатылған. Қасында құжаттарды тексеретін полицейлік тұрған онда да турникет бар.
Дәлізбен сіздер әкімдіктің кіре берісінің фойесіне жетесіздер. Онда полицейліктердің үшінші тосқауылы орнатылған. Онда полицейліктер сіздерді тоқтатпайды, бірақ қадағалаған көзқараспен шығарып салады.
Ақырында, әкім отыратын үшінші қабаттың лифтінің қасында сізді төртінші полицейлік қарсы алады және оның үстелінің үстіне сіздердің ұялы телефоныңыз бен басқа күдікті заттарды тастап кетуіңізді талап етеді.
Осыдан кейін сіздер қанаттың шетіне барасыз да сіздерді тағы бір рет әкімнің хатшысы мен әкімнің көмекшісі тексеріп шыққанан кейін облыс әкімінің қабылдау бөлмесіне түсесіз.
Міне қандай қырағылық десеңіздерші!
Тек қана мынадай сұрақ: әкім кімнен және неге қашқалақтайды?
COMMENTS