Орын алған жағдайларға байланысты мен 2017 жылы Оңтүстік Кореяда шамамен бір ай тұрдым.
Менің не айтқым келеді?
Бұл ерекше шығыс менталитеті бар, әдеттегі азиялық мемлекет. Мұнда үлкендерге құрмет көрсетіледі, отбасылық құндылықтары жоғары болады, ұжымдық мәселе жекеге қарағанда маңызды болып саналады, мінездері пуритандық емес, бірақ шектен тыс тәртіпсіз де емес. Жалпы айтқанда, бұл Сізге Еуропа емес. Бірақ…
Соған қарамастан, Оңтүстік Корея – бұл демократиялық мемлекет. Мұнда барлық маңызды саяси қызметтерге адамдарды тағайындамайды, оларды сайлайды. Шенеуніктер жанжалдардан қорқады, сондықтан өздерін қарапайым ұстайды. Халық өзінің ойын көпшілік алдындағы алаңдарда және БАҚ-да айта алады. Митингтер Сеулде күн сайын дерлік өтеді. Ақырында, халық жақында болған сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін мемлекет президентінің импичментіне және оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына қол жеткізді.
Жапонияда демократиялық істің жағдайы тура осындай екені мәлім. Ал Жапониядан асқан Шығыс мемлекеті деп атауға болатын мемлекет жоқ.
Осыдан келесі сұрақ туындайды: біздің елімізде қандай шығыс менталитеті туралы, демократияның қандай ерекше даму жолы туралы үнемі айтыла береді? Егер нағыз шығыс мемлекеттерде демократия мен сөз бостандығы дамып келе жатса, онда біздің елімізге не кедергі болуда? Бұл көз қиығы ма, жер шарында орналасуы ма, әлде қысқа тарихымыз ба? Адамдарға еркіндікті беруді, өз тағдырын шешуді, билеушілерді өзі еркімен таңдауды болдырмау әрекеттерін ақтау үшін тағы не ойлап табады екен?
COMMENTS