Әр жылы Құрбат айтта біздің елде мыңдаған мұсылманбар бір күнде мың бас ірі қара мал сояды: қой, жылқы ,сиыр.
Менің бұл ғұрыпқа ешқандай қарсылық білдірмеймін. Оның бастапқы мағынасы – айналадағы адамдарға көмектесу, жақсылық жасау. Бұл исламның адамгершілік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті көрсетеді.
Бірақ бір күні ірі қара малдың санын көбейтудің ұтымдылығы туралы ойландыңыз ба? Бұл күні қанша ет шығарылады? Қоғам оны ұтымды пайдалана алады ма?
Еттің үштен бір бөлігі мұсылмандардың туыстарына беріледі, ал қалған үштен бірі мұқтаж жандарға таратылады. Бұл жерде жаман ештеңе жоқ. Әрине азқамтылған қазастандықтар осы күні тойғаны жақсы. Бірақ, ертең не болады? Дұрысырақ айтқанда, бірнеше күннен кейін. Құрбандық істеген қайырымды мұсылмандардан алынған етті ұзақ сақтау үшін бұл адамдарда үлкен тоңазтқыш жоқ па деп қорқамын. Кедей отбасылар бір күн ғана етті тойғанынша жеп, ал жылдың қалған 364 күні аш өмір сүреді. Бұл тиімді ме? Құрбандық шалуды бір жылға созып және жетім- жесірлерге аздап болсын көмектесу, бірақ жыл бойы көмектесу жақсы емес пе? Дұрысы бұл көмекті тек мал союмен ғана емес, сонымен қатар, басқа жолдармен де істеу керек. Көпшілігінің яғни, мұсылмандар ет берген адамдардың ішінде тоңазтқыш түгілі тіпті басында баспаналары жоқ.
Оларға үй немесе жиһаз, тірі ірі қара мал не болмаса киім, оқулықтар беру жақсы емес пе? Бұл заттар оларға жылдың бір күні тойып отырғанннан да көп пайда алып келетіні сөзсіз.
Мен атеистпін, әрине, мұсылмандарға діни рәсімдерді қалай өткізуді үйрету менің ісім емес. Бірақ олар кімнен болса да ақылдан келген дауысты тыңдауға дайын деп үміттенемін.
COMMENTS