– Ақыры кететін болдым де?
– Иә, кететін болдым. Нақты шештім.
– Ол жақта жақсы болады деп ойлайсың ба?
– Оңай болмайды әрине. Бірақ үмітсіз-шайтан.
– Елде неге қала бермейсің? Ешкім қуып жатқан жоқ қой? Мысалы, мен кететіндей себеп көріп тұрғам жоқ.
– Бұл шешімге бір күнде келген жоқпын. Жылдар бойы ұсақ-түйектің бәрі жиналып, ақыры кеткен дұрыс болар деп шештім.
Мысалы, байдың баласы джипімен адам қағым кетті. Халық шулады. Нәтижесі ше? Байдың баласы әлі бостандықта емін-еркін жүр, джипі де астында. Тағы мысал, шенеунік бюджеттен жүзлеген миллиондарды ұрлап, 2 жылға ғана сотталды. Ал қарапайым адамды шағын сома үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды. Елдің тұрмысы нашар, бірақ олар пайдасыз шаралар мен жиындарға ақша шашуда. Халық жерді шетелдіктерге сатуға қарсы, бірақ заң қабылданып қойды. Шенеуніктердің мемлекеттік көліктермен ресторан, дүкен аралап жүруіне көз үйреніп те қалды.
Бұл елде халықпен ешкім санаспайтындығы жаныма батады. Біз парламент, үкімет, президент сайлауларына еш ықпал ете алмаймыз. Халық үшін шешім қабылданып қойған. Демократия жоқ, парақорлық асқынып тұр. Қарапайым халық кез келген шенеуніктің алдында қауқарсыз. Жақында оку бір обылыстық полиция бөлімінде орын алған жағдайды оқыдым. Полиция бөлімінің бастығына ұнамаған бір адамның үйіне қасақана мылтық тастап, соттап жіберген. Соттарға да сенім жоқ, сотта ақталып шығу бізде мүмкін емес. Сотталған адамның орынында еліміздің кез келген азаматы болуы мүмкін.
Азаматтарына қорған бола алмаған елде қалай бақытты өмір сүруге болады?
– Бұл өз елің ғой, күресу керек. Сен керек қылмасаң, басқа ешкімге де керек емес.
– Мен қолымнан келгенше күресіп жүрмін. Жазып жүрмін, айтып жүрмін. Сол себептен қауіпсіздігім үшін алаңдаймын. Біреудің кітабынан алынған мәтінді жариялағаны үшін екі блогермен не болғанын білесің ғой.
– Мен сені тұрмыстың нашарлағанына байланысты кетпекші деп ойласам. Валютамыздың курсы жоғары болғанда жағдайымыз жаман емес еді, курсы жібергесін көбі елден кету туралы ойлана бастады ғой.
– Білесің бе, мен курсты ұстап тұруға әуелден қарсы болғанмын. Оны ұстап тұрмай, бірден жібере беру керек болатын. Сонда девальвация осынша ауыр тимес пе еді.
Сосын. Мен кедей елде тұрудан қорықпаймын. 90-жылдары жағдайымыз бұдан да нашар болса да, халықта жарқын болашаққа деген үміт болды. Бірақ үмітіміз ақталмады. Лично я связываю все проблемы с откатом от демократии. Кез келген президент, үкімет қателесуі мүмкін. Тіпті дамыған елдерде де қателіктер орын алып жатады. Демкартия болмаса, халық биліктегілерді алмастыру мүмкіндігенен айырылады да, биліктегілер өздерін халықтан биік санай бастайды. Шексіз билікке ие болғасын олар халықт алдындағы жауапкершілік туралы ұмытады. Осылай мемлекет халыққа қызмет ететін құрылымнан, оны бағынышты қалыпта ұстайтын жауызға, ал шенеуніктер қызметші емес, мырзаларға айналады. Бұл парақорлықтың белең алуына жағдай жасайды. Шенуніктер халықтан емес, бастыңынан қорқады. Осылай ел тығырыққа тірелді. Экономика құрдымға кетудің алдында тұр. Демократия мен әділеттілік болмағасын, Ұлттық қорды халыққа таратып берсең де еш пайдасы жоқ
– Өзіңді қиын сәтте туған елінен қашқан сатқынмын деп ойламайсың ба?
– Бұл туралы көп ойландым. Қауқарсыз, түрмеде отырғанша, шет елде бостандықта, аман-есен жүрсем, еліме көбірек пайдам тиеді деп ойлаймын.
– Шет елде жүріп, қалай еліңе қызмет етпекшісің?
– Атақты дирижер Алан Бөрібаев, танымал боксшы Геннадий Головкин, бұрыңғы шаңғышы Смирнов сыртта жүрсе де, елімізге қалай еңбек сіңіруде? Барлығы қазір шет елде тұрып жатыр.
– Олар әлемге анымал адамдар ғой. Ал сен ше?
– Әрине, мен танымал адам емеспін. Бірақ менің өз қаруым бар. Ол – менің қаламым. Журналистпін ғой. Әлеуметтік желілерге, ғаламторға, газеттерге шыққан жазбаларым еліміздегі азаматтарға жетеді деп үміттенем. Ал менің сыни мақалаларым үшін сыртта мені ешкім қамап, соттай алмайды.
– Қорқақтық пен сатқындықты ақтау үшін өте ыңғайлы позиция деп ойламайсыз ба?
– Осы әңгімені ұмытпа. Отаным туралы ұмыта бастасам, осы сөздерімді еске саларсың. Мен сырттағы уайым-қайғысыз, тоқ тұрмысқа бой үйретіп кетсем, мені жазғыруыңа әбден болады.
Бірақ еліміздегі әділетсіздк, парақорлық пен ұрлық жаныма батып, тыным бермейінше, жүрегім Қазақстан деп соғады деген сөз. Оған дейін елімнің патриоты болып қаламын.
COMMENTS