Мемлекет «әлеуметтік» нанға қойылған бағаны ұстап тұру үшін үлкен ресурстарды жұмсауды жалғастырып жатыр. Сол үшін ол «Продкорпорацияны» дәнді ұн тарту комбинаттарына төмендетілген бағамен сатуға мәжбүрлейді. Теріс айырма «Продкорпорацияның» шығыны болып саналады.
Әрине, Мемлекет «Продкорпорация» иесі болып табылады, сондықтан оны шығынға жұмыс істеуге мәжбүрлей алады. Бірақ осының барлығы не үшін?!
«Продкорпорация» шығындары – бұл толық қаржыландырылмаған аграрлық жобалар, толық несиеленбеген шаруалар.
Табысы минимал күн көріс деңгейінен де төмен болатын және нанның жоғарғы бағасы қалтасына тиетін адамдарға мемлекеттік ақшадан жәрдемақы бөлінуі (атаулы әлеуметтік көмек) көңілге қонымды іс болушы еді.
Қазіргі схема бойынша «әлеуметтік» арзан нанды бай да, кедей де сатып алады. Сонымен ақшасы бар адам осындай нанды алған сайын, мемлекет оған бағадағы айырманы, яғни «Продкоропорацияның» шаруаларға егін науқанына несиемен беруге мүмкін болатын ақшаны тегін сыйлайды. Алайда ақшамен қамтамасыз етілгендер осындай сыйлықты қажет етпейді. Біз оларды «әлеуметтік» нанды қаппен сатып алуға және өз үйіндегі доңыздар мен үйректерге жемге беруге итермелейміз.
«Әлеуметтік» нанның идеясын дұрыс емес деп санаймын.
COMMENTS