Допинг дауына қатысы бар атақты спортшыларымызбен мақтану дұрыс па?
Менің ойымша, дұрыс емес.
Олар қабылданған ережелерді бұзды, демек жазалану керек.
Олар біздің отандастарымыз болғаны маңызды емес.
Шындық бәрімізге ортақ.
Ал бұл қағиданы ұстанбайтын болсақ, одан бетер азып кетеміз. Тіпті Сирия мен Украинадағы қазақстандық террористерді қолдай бастаймыз. Қателікке жол берген әріптеске араша боламыз деп, өз абыройымыздан айырылып қаламыз.
Жағдайдың асқынуына жол бермеу қажет.
Қазақта «тура биде туған жоқ» деген бар.
COMMENTS