Астана әкімінің қала ішінде полиция қарауылымен жүретінін түсінбеймін. Неге әкім үшін жолдар жабылып, қозғалыс шектелу керек?
Әкімнің шұғыл шаруасы жетеді, барлық жерге үлгеру қажет дейтіндер бар.
Бірақ жеке компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері де дәл осы көшелермен күнде маңыздылығы кем емес шаруаларын тындыруға асықпай ма? Олар қалай үлгеріп жүр сонда?
Сонымен қатар бас қалада жиырмаға жуық министр бар. Олар қарауылсыз жүреді. Мемлекеттің бүтіндей бір саласын басқарып отырған министрлерден әкімнің шаруасы маңыздырақ болғаны ма? Әрине, жоқ. Бірақ министрлер Үкімет отырыстары мен басқа да шараларға үлгеріп жүр. Ал әкімнің қай жері кем олардан?
Мүмкін әкімге басқалардан үлгі алып, уақытын дәлірек жоспарлап, әдеттегіден ертерек шығу керек шығар?
Қала көшелереіндегі тәртіп пен қозғалысқа жауапты адамның полиция қарауылымен жүргені қисынға келмейтінін түсіндіретін адам табылар ма екен?
COMMENTS