7 мамыр күні Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.
Неге дәл 7 мамыр деген сұраққа жауап іздеп көрмедіңіз бе?
Бұл күні қандай оқиға орын алды?
Мүмкін қазақ батырлары жоңғарларға қарсы ұлы жеңіске жеткен шығар? Амангелдінің жасақтары ерлікпен қаза тапқан күн болар? Екінші дүниежүзілік соғыста шешуші шайқас болған күн болар?
Жоқ. Бар болғаны 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің қызметкері мамырдың басынан жиналып қалған құжаттарды мемлекет басшысының қол қоюы үшін енгізген. Неге тағы күте тұрмаған, мысалы маусымға дейін? Бәлкім кеңсе қызметкері маусымда демалысқа кетуді жоспарлап қойған соң, қол қойылмаған құжаттар жиналып қалмасын деген шығар.
Сіздерге мемлекеттік мейрамдарды президент жарлығының қол қойылған күні немесе заң жобасының қабылданған күні тойлау қисынсыз көрінбей ме? Құжатқа қол қою – бұл бар болғаны бюрократиялық рәсім ғана. Бұл рәсімнің соңғы кезеңі президенттің немесе парламент торағасының қол қоюы. Неге құжатқа қол қойған күнге байланып қалуымыз керек?
Осы бір орынсыз дәстүр үшін мамырдың алғашқы он күнінде үш мемлекеттік мейрам тойланып, жарты айға жуық жұмыс тұрып қалады.
Отан қорғаушылар күнін тарихи маңызы бар және практикалық тұрғыдан тиімді басқа күнге ауыстыру орынды болар ма еді?
COMMENTS