Жақында бір танысым туған жеріне барып қайтты.

Ол жақта тілашарға шақырыпты. Үйлену тойы немесе мерейтой емес. Бала мектепке барған екен.

Алайда ұлан-асыр той болыпты! Біраздан бері шетелде тұратын танысым жағасын ұстап қайтты.

Мереке төбесі алтынмен апталған, алып бағандары бар бірнеше жүз адамға арналған тойханада өтіпті. Дастарханда астан бос орын болмапты. Ұлды ортаға алтын жауынгерлер алтын таққа отырғызып, алып шығыпты. Жиналғандар балаға ән мен жыр арнап, қымбат сыйлықтар беріп, ақшаның астында қалдырған екен.

Баланың жүзіне қарап, мұның бәрін ұнатып немесе ұнатпағаны туралы айту қиын еді. Алайда ол осы атмосферада өсіп жатыр. Тілашар неғұрлым салтанатты өтсе, мектептегі беделі соғұрлым жоғары болады деп ойлайды.

Мен осы өзіміз, яғни қазақтар үшін қорқамын.

Балаларымызға қандай тәрбие беріп жатырмыз? Олардың бойына қандай құндылықтар сіңіріп жатырмыз? Күндіз осы Фейсбукта қазақтың мақтаншақтығын сынаймыз да, кешке тойға барып, жұртпен бірге қол шапалақтап, той иелерінің қалтасына ақша саламыз. Осылай өзіміз білімге емес, жылтыраққа құмар ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз.

Өзімізден бастамасақ, қазақтың мақтаншақтығынан арыла алмаймыз.

Нет описания фото.
Comments: 0