Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.
Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.
Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.
Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. Мұсылмандар, христиандар, буддисттер және атеисттер тату болғанын армандаймын.
Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?
Мысалы, мен айналадағылардың пікірін түсіндіру арқылы өзгертуге тырысамын.
Елден ерекше жол таңдайтын адамдар болады. Олар өздерінің үлгісімен мұсылман қыз-келіншектердің сыртқы келбетіне деген қоғамның көзқарасын өзгертуге ат салысып жүр.
Бірде олар «Неге мұсылман әйелдері төмен қарап жүру керек? Неге олар көңілді, жадырап жүрмейді? Неге олар ардайым сүреңсіз хиджаб немесе қара паранджа киіп жүру керек? Неге олар дін талабын сақтай отырып, әдемі, жарқын, нәзік киімдер кимейді?» деген сұрақтарға жауап іздей бастаған екен.
Осылай олар мұсылман қыз-келіншектерге арналған дін талабына сай, заманауи, түстері ашық, ыңғайлы киім тігу ісін қолға алады.
Әдемі киінген мұсылман қыз-келіншектер қоғамның оларға және Исламға деген көзқарасын өзгертеді деп үміттенем.
Ислам – сүреңсіз дін емес!
COMMENTS