Рухани кемелдік туралы көп оқыған сайын, бұл идеялар әбден санаңа сіңіп, біртіндеп рухани өсу басталады.
Кейде бұл рухани өсу күнделікті тіршілікке қатысты ұсақ-түйектерге онша әсер ете бермейді.
Бүгін сауда орталығының тұрағындағы көлігіме қайтып келсем, жақын тұрған көліктің иесі есігімен менің темір тұлпарымның жанын сызып кетіпті.
Бұлқан-талқан ашуланып, бірден оның көлігін де сызып тастасам деген ой келді. Әйтеуір кегімді қайтаруды қаладым.
Бірақ өзімді тоқтата алдым. Ашуымды басып, бұл адам неге олай істеді екен деп ойладым? Әдейі істемеген шығар, байқамай сызып алған болар. Мүмкін бірдеңені уайымдап немесе ойлап келе жатып, есігін қатты ашып жіберген шығар? Олай болса бұл адамға аяушылықпен қарайын. Уайымына уайым қосып қайтемін? Артық кетпеген дұрыс-ау. Кек қайтарғаннан не табам? Өз эгомды қанағаттандырып, өшпенділік отын өршіткеннен басқа ештеңеге қол жеткізбеспін.
Ақыры тұрақтан әлгі адамға еш жамандық істемей, бірақ ішімдегі кек пен өшпенділікті жеңгеніме риза болып қайттым.
COMMENTS