Сынды көтере алмайтын адамдарды түсінбеймін.

Олар кез келген ескертуге ренжіп, басынан сөз асырмауға тырысады, тиіскендерге «өзіңе қара» деп жауап қайтаруға немесе жұдырығын ала жүгіруге дайын болады.

Осындай адамдарды аяймын.

Сыннан қашу айнаға теріс бұрылумен бірдей ғой.

Айнаға қарамай қойғанмен әдемірек және ұқыптырақ бола қоймайсың. Қанша қашсаң да, бір күні шындық алдыңнан шығады.

Кез келген сынға құлақ асып, қорытынды жасаған әлдеқайда дұрыс.

Әрине субъективке түзету жасаған жөн. Сын айтушылар да жалған сөйлеп, сізді жолыңыздан тайдырмақ болуы мүмкін. Осыны ойда ұстаңыз, бірақ ешкімнің аузына қақпақ болуға тырыспаңыз. Айта берсін. Сөзінен бір түйір шындық тауып қаларсыз. Ал кез келген шындықтың пайдасы бар және өзіңізге басқа қырдан қарап, жақсы жаққа өзгеруге мүмкіндік береді.

Сондықтан әр сынаушыға алғыс айтамын.

Сынаңыздар.

Comments: 0