Уағызшы атеист:

Жер бетіндегі діннің пайда болуы адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты, шамамен 40 000 жыл.

Саналы адам табиғат құбылыстарының себебі туралы ойлана бастады. Білімі жетпеген тұстарда адам қиялын қосты және жорамал жасады. Мысалы, физикалық құбылыстардың табиғатын білмегендіктен, адам күннің күркіреуін және найзағайды көкте тіршілік ететін тылсым күштермен түсіндірді. Ал дауыл – теңізде өмір сүретін тіршілік иесінің қаһары. Адам тылсым күштерді өзіне ұқсата елестетті. Осылай қоғамдық санада құдайлар пайда болды.

Тыңдарман-діндар:

Сіз пұтқа табыну туралы айтып отырсыз. Ал адамдар монотеизмге қалай келді?

Уағызшы атеист:

Көп құдайға сену тайпа, ру, қала, ұлыс сынды ұғымдар өте маңызды болған тарихи кезеңге тән болды. Тайпа көсемі, ру ақсақалы, қала басшысы, ұлыс нояны сынды қоғамда беделді тұлғалар болды да, құдайлар да көп болды. Ал монотеизмнің жайылуы әртүрлі мемлекеттер мен империялардағы орталық биліктің күшейуімен сәйкес келді. Билікке адамдардың көсемді, ханды Жердегі құдайдың жалғыз өкілі ретінде қабылдағаны ыңғайлы болды. Бұл монархияларға салмақ берді. Алуан түрлі пұтқа табынатын адамдарға қарағанда бір Құдайға сенетін жұртты билеу әлдеқайда жеңіл еді.

Тыңдарман-атеист:

Ал адамдардың дүниетанымындағы ырымдардың орны қандай?

Уағызшы атеист:

Әрине ырымдар діннен бұрын пайда болды. Олар алдымен қорқыныш пен білімсіздіктің жемісі болып табылады. Мысалы, аңға шығар алдында көсем жаман түс көрсе, бұдан бір заңдылық іздеп, сәтсіздіктің белгісі деп санады. Әрине аңға шығу мен түстің арасында еш байланыс жоқ, бірақ адамдар белгілі бір айқындықты қажет етеді. Орын алып жатқан оқиғалардың жайын түсінбесе, адамдардың мазасы кетеді. Ал оларға (жиі өздеріне өздері) болашақ туралы ақпарат берсе, адамдар тынышталады. Физика, химия, биология сынды ғылымдардың дамуына қарамастан, ырымдарға адамдар қазір де сенеді.

Comments: 0