Уағызшы атеист:

Дін мен мемлекет ылғи да адамзат қоғамындағы ең мықты күштер болды. Кейде бәсекеге түссе де, одақтасқан кездері көп болды.

Адамзат тарихының бастауында бақсы-балгерлер тайпалық иерархияда беделді орындарға ие болды. Олар көсемге жақын болып, оған көмектесіп отырды. Көсем бақсы-балгерге тайпадағы адамдарынан тарту-таралғы, құрнбандық қабылдауға рұқсат берсе, бақсы-балгер көсем жауға шапқанда тайпаластарын Құдай жеңіс сыйлайды деп сендірді. Бұл ынтымақтастық екі тарапқа да пайдалы болды.

Әрине өзара қақтығыстар мен тартыстар болып тұрды, бірақ мұндай одақ ұзаққа созылды.

Мысалы, Еуропада Франция королі католик шіркеуімен араздасып, олардың басшыларын елден қуып шыққан кез болды. Бұл кезеңде мемлекет толық билікті өз қолына алды.

Керісінше жағдайлар бар, мысалы, мұсылман діни көсемдері мемлекеттік басшылардан әлдеқайда болып, оларға өз шарттарын қояды.

Ал қазір көбінесе мемлекет пен дін өзара тату болып келеді. Бұл одақтың негізгі қағидалары көнеден бері өзгере қойған жоқ: дін адамдардың ақыл-ойы мен көңіл-күйін мемлекетке қажет шеңберле ұстауға көмектессе, мемлекет дін басыларға қаржылық жіне ұйымдастырушылық жәрдем жасап, кейде бәсекелестерін басуға ат салысады.

Тыңдарман-діндар:

Бірақ біздің елімізде және көптеген басқа елде Конституци бойынша мемлекет діннен бөлек емес пе?

Уағызшы атеист:

Иә, қағаз жүзінде солай, бірақ мемлекет дінге жан-жақты қолдау жасайды. Ел президенті діни рәсімдерге қатысады, діни мерекелерді мемлекеттік деп жариялайды, бизнесмендерге шіркеу, мешіт және басқа да діни ғимараттар салуға нұсқау береді.

Тыңдарман-атеист:

Мемлекетке не үшін қажет бұл? Бұл қаражатты мектеп, аурухана, жол салуға жұмсауға болмай ма?

Уағызшы атеист:

Мемлекет басшылары қоғамның дінге деген қажеттілігін түсініп, оны пайдалануға тырысады. Адамдардың Құдайға сенуге деген талпынысын тыю мүмкін емес болса, бұл қозғалыстың басына сенімді адамды қою керек.

Дәл осындай схеманы ежелгі Египеттегі фараондар мен олардың абыздарынан көруге болады.

Тыңдарман-атеист:

Тарихта дінсіз мемлекеттер де болдый ғой. Мысалы, Кеңес Одағы.

Уағызшы атеист:

Иә, ондай кезеңдер болды. Алайда бұл мемлекеттерге күшті орталық билік, яғни диктатура, және мықты идеологиялық балама тән. Діннің орнын басқан коммунизм идеясы болды. Жұмақтан кем емес болашақтағы жарқын өмірге сенді.

Діннен бостандықты құрбан ету арқылы алыстау ағартушылықтың ең дұрыс жолы емес сияқты көрінеді.

Тыңдарман-атеист:

БАсқа да жолдар бар ғой. Мысалы, қазір Скандинав елдері демокартия, білім және діннен алшақтық жағынан алда тұр.

Уағызшы атеист:

Келісемін. Мен осы жолде ең қолайлы деп санаймын: ағарту, демокартия және молшылық. Мұндай негіз бар жерде әдетте дін аса дамымайды. Сонымен қатар мемлекет дінмен күреспейді. Сұраныс болмаған соң дін өзінен-өзі әлсірейді. Қоғамда әділдік болмаса, оны көктен іздеудің қажеті жоқ.

Comments: 0