Сенім мен дін мәселелері адамзатты ежелден мазалап келеді. Діннің бастапқы нышандары пайда болғаннан бері жүздеген мың жыл өтсе де, құдай туралы айтыс әлі де жалғасып келеді.

Бұл сұрақтар атеист мені де мазалайды.

Осындай пікірталастарға тап боламын.

Қоршаған орта, адамзат, дін туралы қалыптасқан көзқарасым бар. Оны әртүрлі жерде айтып та жүремін. Біртіндеп осы бөлек-бөлек жатқан ойларым мен дәлелдерімді жинақтап, жұртқа жеткізгім келді.

Бірақ қандай түрде ұсынуға болады?

Ұзақ мәтін жазсам ба? Алайда оны ешкім оқымайды қазір. Дінге қатысты сұрақтар алуан түрлі, ал олардың барлығына адамдар бірдей қызыға бермейді.

Сонда тыңдармандарыма арналған шағын материалдар сериясын жасау туралы ой келді.

Дін қызметкерлері мұндайды уағыз деп атайды. Оппоненттеріммен бір толқында болу үшін мен де айтарымды уағыз дейін. Атеистің уағыздары. Бірнеше уағыз болады, әртүрлі тақырыпқа арналады, бірақ бәрі дін айналасында болады.

Сонымен, бастайық, діндарлар айтпақшы «Құдай жарылқасын!».

Ал мен бастайын: сәт сапар!

Comments: 0