Жас кезімде «Мансап» («Бизнес», «Атақ» деп те атасаңыздар болады) деген тұлпарға міндім.

Барлығының алдын орап, ең мықты атанбақ болдым, тек биіктен көрінбек едім, әлемнің ең жақсы қаласында тұрмақ болдым, өмірден ләззат алмақшы едім.

Жас келген соң өмірімнің көп бөлігін ат үстінде өткізіп, қалай қартайып, шашыма ақ түсіп, бүкірейіп қалғанымды енді түсіндім.

Жеткен асуым соншалықты биік болмаса да аттан түсіп, жан-жағыма қараймын. Айналамда атақ-даңққа, байлыққа, билікке қуана алмайтн өңшең қарттар. Төменде шаң шығарып, тізгінге жабысып, аттарын қамшылап жатқан жастарды көремін. Олар бір-бірін артта қалдырамын деп жанталасып жатыр. Ешқайсысының жан-жаққа көз салуға, тынығып алуға, жарымен сөйлесуге, бала-шағасымен ойнауға сәл де болсын уақыты жоқ. Олар жан-тәнімен бәйгеге беріліп кеткен. Осында күтемін, жігіттер. Қартайып, шаршап-шалдығып, тасжүрек болып жетесіңдер.

Comments: 0