29 маусымдағы «жол қозғалысы ережелері туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес келесі жылдан бастап жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттар мен автомобиль нөмірлерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі. Бұл «Латон» жеке компаниясының осы қызметке көпжылдық негізсіз монополиясының аяқталғанын білдіреді.

Сол сияқты жақын арада еліміздің жолдарында бейнебақылау камераларын орнататын «Сергек», мемлекеттік және жеке емханаларды бағдарламалық өніммен жарақтандыратын «DamuMed», еліміздің мемлекеттік мектептерінде бағдарламалық өнімді енгізген «Күнделік» сияқты жеке компаниялардың монополиялық ережелері жойылады деп үміттенемін.

Жеке компаниялардың белгілі бір саладағы негізсіз монополияларына жол берілмеу тиіс.

Comments: 0