Астана базарында бір көкөніс сатушысымен сөйлестім.

Ол облыстағы фермерлерден картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат және т.б. сатып алып, содан кейін базарда мейрамханалар, асханалар, кафелер, дүкендерге сатумен айналысады.

Сонымен, ол сыбайлас жемқорлық пен пара беру мемлекеттік ұйымдарға қарағанда жеке компанияларда өркендеп келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, әрбір екінші сатып алушы одан жүкқұжатқа тауардың бағасын көтермелеп жазып қол қоюын сұрайды. Яғни, жүкқұжаттарда мейрамхана сатып алушы нарықта 80 теңгеден картоп сатып алды делінгенмен, ал іс жүзінде ол менің досыма 70 теңге төлейді. Сатып алушы әр килограмнан 10 теңгені қалтасына салады.

Менің танысыма бұндай жағдайға бәрібір болғандықтан, ол кез-келген бағамен шот-фактураларға қол қояды.

Мен бүкіл ел бойынша осындай сатып алушылардың қаншасы нарыққа барып, тауарды арзанырақ сатып алып, бастықтарға бағаның жоғарылағанын көрсетіп, өз компанияларын тонап жатқанын елестетемін.

Сондықтан, компания иелері, сақ болыңыздар!

Сыбайлас жемқорлық тек жоғарғы қабатта ғана емес. Ол біздің де арамызда. Оның қауіпі мемлекеттік сыбайлас жемқорлықтан кем емес.

Comments: 0