Көптеген жылдан бері қазақстандықтар жемқорлықтан зардап шегіп келеді де, оны жоюды немесе тым болмаса қысқартуды талап етуде. Алайда бұл үндеулер мәселенің себебімен емес, салдарымен күрес болып табылады.

Бұл арамшөпті жұлып, бірақ тамырын жерде қалдырғанмен тең. Шындап келгенде жемқорлық қоғамдағы авторитарлы әрі демократиясыз құрылым нәтижесі. Саяси және қоғамдық күштер арасында бәсеке жоқ жерде, орталықтанд басқарылатын бір ғана билік бар жерде, партиялар арасында бәсеке болмайды, билікті сынау болмайды, мемлекеттік басқару ашық болмайды, демек жемқорлыққа қолайлы жағдай жасалады. Шенеуніктерді халық сайламай, тағайындалса, кез келген шенеунік бастығымен ауыз жаласып, майшелпек орынға жабысып алады.

Демократиялық қоғамда мемлекеттік органдарда әртүрлі партиялардың өкілдері болады да, заң бұзылса, бірден шу шығады. Жоғары мемлекеттік қызметкерлер сайланатын болса, барлығымен келісімге келу мүмкін емес. Сондықтан кез келген шенеунік оппоненттерінің назарында жүріп, астыртын әрекет етуге тайсалады.

Сондықтан авторитарлы мемлекеттерде жемқорықпен күресудің еш пайдасы жоқ. Себебі жемқорлықпен күрес бір жемқорларды басқа жемқорлармен ауыстырумен ғана шектеледі.

Демек жемқорлқыпен күрестің орнына қоғамды демократияландыруға талпыну қажет, яғни саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, тәуелсіз сот жүйесі, тұрақты ауысып тұратын билік болуы керек. Міне, осылар бізді нағыз демократиляық және жемқорлықтан ада елге айналдырады.

Бұған даусыз дерек те бар. Жемқорлық деңгей ең төмен елдердің тізімі демократиялық елдердің тізімімен сай келеді (Дания, Швеция, Норвегия, Жаңа Зеландия, Сингапур және т.б.). Елде демократия, сөз бостандығы, саяси белсенділік еркіндігі неғұрлым мол болса, соғұрлым елде жемқорлық аз болады.

Нет описания фото.
Comments: 0