Жақында инвестиция іздеген бір кәсіпкер жолықты (есімі Расул болсын). Ол біраз жыл бір үлкен компанияда жұмыс істеп, сол саладағы бизнестің қыр-сырын әбден зерттеп, адамдарды басқаруды үйренген соң ғана өз компаниясын ашып, тәуекелге барыпты.

Идеясы ұнады, бизнес-жоспары ды әбден пысықталғандай көрінді.

Үлес туралы саудаласа бастадық.

– Білесіз бе, – деп бастады Расул, – бірнеше инвестормен сөйлесіп көрдім. Көбісі маған компанияның 5-10 пайызын ұсынады. Сенде идеядан басқа дым жоқ қой, ал біз ақша, яғни ең басты дүниені береміз дейді. Мен келіспеймін. Ақшасыз әрине қиын, бірақ идеяның да құны бар ғой. Күні-түні дамыл таппай, жобаға бар күш-жігерімді салғанымның да бағасы болатын шығар. 20 пайыздан аз болса, келісе алмаймын.

Таң қалғанымды білдірмеуге тырысып, жымидым да, былай деп жауап бердім:

– Расул, бұл сенің идеяң, бизнес-жоспар да жан-тәніңмен берілген жұмысың. Компаниядағы сенің үлесің көп болуы тиіс. Мен саған 60 пайыз ұсынамын, ал өзім 40 пайызды қалдырамын.

Ол маған сенімсіз қарады.

– Шын айтасыз ба?

– Әрине! Бизнесті ойлап тапқан сен, сондықтан оның қожайыны да сен болуың керек. Компанияға сенің жаның менікінен артық ашуы керек. Ал үлесің менікінен аз болса, менен артық қалай уайымдайсың? Сен істі алға сүйрейтін паровоз болуың керек, ал мен оттық салып отыратын тек көмекшің ғана бола аламын. Компания тығырыққа тірелсе, қиындықтан шығаратын жолды күні-түні мен емес сен іздеуің керек. Маңызды шешімдер қабылдғанда соңғы сөзді де сен айтасың. Сен компанияның негізін қалаған адамсың әрі оның қожайынысың. Компанияның гүлденуіне ең мүдделі адам сен болуың керек.

– Ал сіздің көздегеніңіз не сонда?

– Мен кәсіпкер емеспін, инвестормын. Мен бизнеспен айналыспаймын және сенің кәсібіңді тартып алмаймын. Мен көптеген жобаға ақша салып, олардың табысты жүмыс істеп тұрғанын қалаймын. Басты шартым: инвестициялардың қисынды мерзім ішінде қайтарымы болуы тиіс. Кейін сенің компанияң өскен кезде үлесімді саған немесе басқа инвесторға сатып, мол пайда тауып, түскен ақшаны жаңа жобаларға салсам тіпті жақсы болмақ. Менің көздегенім осы.

Расул көзіне жас алып, қолымды қысты да, былай деді:

– Рақмет сізге! Сізбен жұмыс істгеім келеді!

Comments: 0