Маған не үшін керек? Онда ғылыми жаңалықтар ашылған жоқ. Онда әдебиеттің әлемдік шедеврлері жоқ. Онда мен Халықаралық бизнес жасамаймын және миллиондаған ақша таппаймын. Қазақ тілін қай себеппен үйренуім керек?

– Айтшы, сенің әкең бай адам ба және ол сағаг миллиондарын берді ме?

– Жоқ.

– Ал сенің анаң қоршаған адамдардың ішінде ең әдемі әйел ме?

– Бәлкім, жоқ шығар.

– Ал сенің отбасыңда Нобель сыйлығының лауреаттары мен ұлы ғалымдар көп пе?

– Жоқ.

– Сонымен, неге сен ата-анаң бен туыстарыңнан бас тартпайсын және олардан ұялмайсын? Неліктен басқа отбасы туралы армандамайсын?Туыстар туралы ойлағанда пайда мен перспектива туралы ойлау орынды ма? Саған ана тілі байлық пен даңқ үшін қажет емес. Ол саған туылған кезде ғана беріледі. Егер сен өзіңді отбасыңның, халқыңның,еліңнің бір бөлігі ретінде сезінсең, өз тіліңді білуің керек. Сен өзіңнің мәдениетіңді, тарихыңды, дәстүрлеріңді білуің тиіс. Пайда, байлық және атақ алу мақсатында сен әрқашан басқа тілдерді үйрене аласын

Comments: 0