Серік- қарапайым қазақ. Оның жақсы отбасы, өз бизнесі бар. Әр демалыс сайын дерлік Серік туыстарымен және достарымен тойда кездеседі. Ол мейрамханаға қымбат жол талғамайтын көлікпен келеді, үлкен турбийон сағатын киеді, алтын сақиналар және алқалар оранған.
Осылайша ол айналасындағыларға өзінің жоғары мәртебесін көрсетеді.
Серік қай үйдің, қандай көліктің, достары мен туыстарының қандай екенін құлшыныспен бақылайды. Ол басқаларға қарағанда өзіне нашарлау нәрсеге жол бермейді.
Айгүл, Серіктің әйелі, қарапайым қазақ. Ол жақсы отбасынан шыққан, жоғары білімі бар, бірақ жұмыс істемейді. Айгүл күйеуімен бірге тойға барғанда, ол сән үйінің соңғы топтамасынан ең қымбат көйлекті киеді. Және де алтын сырғалар мен гауһар алқа тағады.
Осылайша, ол қыздарға өзінің жоғары мәртебесін көрсетеді.
Айгүл қыздардың не киетінін, қандай салондарға баратынын, демалатын жерлерін мұқият қадағалайды. Күйеуінен маңайындағы қыздарға қарағанда жақсырақ заттарға ие болуды талап етеді және соған жетеді.
Серік пен Айгүлдің ұлы Болат ең қымбат мектепте оқиды. Оны үлкен жол талғамайтын көлікте жүргізуші сабаққа апарады. Болаттың рюкзагының бағасы мұғалімінің жалақысынан да қымбат. Болаттың соңғы үлгідегі телефоны бар.
Осылайша Болат сыныптастары мен мұғалімдеріне өзінің жоғары мәртебесін көрсетеді.
Болат сыныптастарының қандай телефонды, приставканы, қандай кроссовкалар киетінін бақылап отырады. Болат ата-анасынан ең жақсысын алады.
Себебі қазақтар үшін мәртебе – бұл ең маңыздысы.
COMMENTS