Кей адам ақшаға тұтынушы ретінде қарайды. Олар жылдам байып, үлкен вилла, қымбат көлік сатып алып, жағажайда коктейль ішіп, күні бойы дым бітірмей жатқысы келеді. Олардың бар арманы да, бақыты да осы.

Ал дүниетанымы жасампаз адамдар болады. Ақша олар үшін өмірдің мәні емес, тек биік мақсаттарға жеткізетін құрал ғана. Мұндай адамдардың қолына ақша түссе, олар шашып жібермей, іске жұмсайды: зауыт салады, мейрамхана ашады, бағдарлама жазады және т.б. Олар ақшаны ішіп-жеуге шашпай, жаңа бірдеңе жасауға жаратады. Жылтыраққа оранып, дос-жаран мен көрші-қолаңның алдында жарқырап жүру олар үшін қызық емес. Оларды алып компания немесе үлкен бизнес құру туралы ой еліртеді.

Тұтынушы немесе жасампаз адамдардың дүниетанымындағы айырмашылық осындай.

Әрине дүниетанымы таза жасампаз адамдар жоқ. Жасампаздар да ақшаның бір бөлігін жағдайын жақсартуға жұмсайды, бірақ жайлылық пен тұтыну олар үшін сонша маңызды емес. Бастысы – бұл жасампаздық.

Comments: 0