Адамның мінез-құлығы негізгі 2 түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.
Адамдар саналы тіршілік иесі болғандықтан, эволюция мен даму барысында бұл түйсіктерге күрделі анықтама ойлап тауып, оларды психология, әлеуметтану, саясат және т.б. деп атады.
Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.
Эгоизм адам мінез-құлығының негізі болып табылады.
COMMENTS