Елімізде орыс тілін білмейтін министр мен вице-министр, әкім мен әкімнің орынбасары, Парламент пен маслихат депутаты жоқ.

Бірақ қазақшасы ақсап тұрған немесе мүлдем қазақша білмейтін министрлер, әікімдер мен депутаттар көп.

Үкіметте, министрліктерде, Парламентте, әкімшілктердің жиналыстары көбінесе орысша өтеді. Әрі кетсе, баяндаманың басы мен соңы қазақша оқылады.

Еліміздегі кез келген дүкенде, ресторанда, дәріханада, кинотетатрда орысша сөйлеп, тауарға немесе қызметке еркін қол жеткізуге болады.

Ал кез келген дүкенде, ресторанда, дәріханада, кинотетатрда қазақ тілін білетін қызметкер бола бермейді, демек қазақ тілді азаматтың қажет тауар немесе қызметін алу барысында қиындықтар пайда болуы мүмкін.

Еліміздегі сайттардың басым көпшілігі орыс тілінде болғандықтан, кез келген тауар мен қызметті орысша іздеп, табуға болады, жаңалықтар да орыс тілінде тез таралады, өзекті әлеуметтік мәслелер де орыс тілінде талқыланады.

Ал сайттардан жылжымайтын мүлік пен көлікті, маркетпелейстерден заттарды қазақша іздесеңіз, бірдеңе табу қиын.

Еліміздегі компаниялардың ұжымында он адамның біреуі орыс болса, оны сыйлап,қалған қазақтар да орысша сөйлейді.

Ал ұжымдағы он адамның тоғызы қазақ болса да, жалғыз орыс ұжымдастарын сыйлап, қазақша сөйлемей қомайды.

Сонда Қазақстанда қай тілге қысым жасалып отыр?

Comments: 0