Біздің айналамызда қанша өте жақсы, мейірімді, адал ниетті адамдар бар!
Бірақ біз бұл түралы ешқашан біле алмаймыз, өйткені олар үндемейді және өздері туралы білдірмейді.
Олардың балаларының қасында біреулер балағат сөздер айтқанда да үндемейді,
олардың қасында біреулер әлсіздерге жәбір көрсеткенде де үндемейді,
олардың көзінше әділетсіздік пен қылмыс жасалғанда да үндемейді.
Олар үндемейді.
Дегенмен ниеттері мейірімді және инабатты болса керек. Шынында олар өздерінің көңіл-күйлерін бұзғылары келмейді, жағдайларын қиындатқылары келмейді.
Бұл адамдар біздің қасымызда, өздерінің мәні бойынша бір сөз айтпай, ештеңе жасамай, ұзақ өмір сүріп, қартайғандары және өмірден кететіндері өкінішті-ақ.
Олар қаншалықты мейірімді болғандарын біз ешқашан да біле алмаймыз.
«Есік артында тығылып тұратындардың ішіндемін,
Жүру мүмкіндігім болса да, әрі жүрмейтіндердің арасындамын,
Айтуға мүмкіндігім бола тұра, үнсіз қалғандардың ішіндемін,
Еңсем түсіп, ештеңеге сенбейтіндердің арасындамын.
…
Ақыл-ойым өткен-кеткенмен көректенеді.
Дауысым қарлыққан, сондықтан
Жайнаған шыңдарға шақырмайды.
Мен мейірімдімін, бірақ та ешкімге игілік іс істемедім…»
(«Воскресение» тобы).
COMMENTS