Біз қайратты адамдарға қайран қалып жатамыз. Олардың журналдағы суреттеріне таңданып, олар туралы жаңалықтарға елең ете қаламыз. Бірақ арамызда жүрген нағыз қаһармандарды біле бермейміз.
Екі бала мен сырқат анасын жалғыз асырып жүрген мейрамханадағы даяршы «Forbs» тізіміндегі миллионерден кем құрметке лайық па?
Күні бойы базарда сауда жасап, кешке офисті жинауға келетін әйелдің ерлігі шекарашылардан кем түсе ме?
Бала кезінде зорлық көріп, арамтамақ күйеуі мен жас қызын асырау үшін бірнеше жұмысқа орналасып, оқу мен жұмысты қатар алып жүруге тура келсе де, өмірге деген құштарлығы мен адамдарға деген сенімін жоғалтпаған әйел қазіргі заман қаһарманы атануға лайық емес пе?
Нәзік жандылар мына қатал өмірдің небір сынақтарына төтеп беріп келеді. Қыз дүниеге келгенде ата-аналар ұлды болғандағыдай қатты қуанбайды. Олар пефдофилдердің де қолынан жиі жәбір көреді. Келін болып түскен соң, үйдің отымен кіріп, күлімен шығады. Жауапкершіліктен жұрдай күйеулер бала-шағаны тәрбиелеу мен асырауды да оларға ысырып қояды. Өмірдің сынағы таусылмаса да, олар еңселерін биік ұстап, айналаның сәнін келтіріп жүреді.
Біздің батыл, қайсар, нәзік, қорғансыз, ақкөңіл әрі мейірімді әйелдер.
Сіздер бар қошеметке лайықсыздар!
COMMENTS